Коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған зертханалық кешен ашылды

8 Қазан 2021, 15:54
2209
Бөлісу:
Коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған зертханалық кешен ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Ұлттық сараптама орталығы» МК мен Израильдің AID Genomics халықаралық геномдық компаниясы арасындағы келісім шеңберінде коронавирустық инфекцияны диагностикалауға арналған зертханалық кешен ашылды.

Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Израильдің Қазақстандағы елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Галина Френкель, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Бақытжан Позилов қатысты. 

AID Genomics жұқпалы ауруларды диагностикалауға мамандандырылған жетекші диагностикалық компания ынтымақтастық аясында коронавирустық инфекцины зерттеу жабдықтары бойынша гуманитарлық көмек көрсетті. 


Бұл зертханалық жабдық тәулігіне 2500-ге дейін тест орындауға қабілетті, өнімділігі жоғары толық автоматтандырылған кешен болып саналады. Зертханамен бірге нәтижелерді қалыптастыру, процесті мониторингтеу және жеделдету үшін жасанды интеллект технологиясы қолданылатын жеке әзірленген қамтамасыз ету бағдарламасы пайдалануға берілді, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Бұл өз кезегінде адам факторының әсерін барынша азайтады және нәтижелердің дәлдігін қамтамасыз етеді. КОВИД-тестілеу кешені жоғары өнімді, жылдам, дәл нәтиже береді.

Айта кету керек, бұл бастама Қазақстанның Израильдегі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. 


Өзгелердің жаңалығы