Жапонияда жер сілкінісінен 32 адам жараланды

8 Қазан 2021, 15:25
4128
Бөлісу:
Жапонияда жер сілкінісінен 32 адам жараланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты кей аймақта 6 балдан асты, деп жазды Хабар24. 

Ең қатты жерасты дүмпулері Токио мен оған іргелес Тиба, Сайтама және Канагава префектураларында сезілген. Табиғат апаты салдарынан 32 адам зардап шеккен. Дәрігерлер 3 кісінің жағдайын ауыр деп бағалады. 

Қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ. Токиода жүрдек пойыз, шойын жолдан шығып кеткен. Әзірге темір жол қатынасы тоқтап тұр. Белгілісі электр желілері үзілген. 

Мамандар цунами қаупі жоқ екенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы