Вакцина алмағандар коронавирусты қайта жұқтыра береді – дәрігер

8 Қазан 2021, 14:12
16108
Бөлісу:
Вакцина алмағандар коронавирусты қайта жұқтыра береді – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева Өңірлік коммуникация алаңында ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті тұрақсыз болып келетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы, науқастардың өз қауіпсіздігіне ұқыпсыз қарауы, алғашқы инфекция кезінде әлсіз иммундық жауап, қалпына келгеннен кейін IgG антиденелерінің жеткіліксіз мөлшері қайта жұқтыруға ықпал етеді.

Дәрігерлер COVID-19 туралы әлі де аз біледі, бұрын ауырған адамның иммунитеті қаншалықты ұзаққа жететіні туралы ақпарат жоқ. Сондықтан антиденелері бар коронавируспен қайта ауырып қалу мүмкін бе деген сұраққа нақты жауап беру өте қиын, өйткені COVID-19 қоздырғышы бүгінгі күні нашар зерттелуде, - дейді Ф. Ағыбаева.

Бұған дейін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы вакцина алғандардың басым көпшілігі инфекцияны жеңіл түрде өткеретіні туралы хабарланған еді. Қайта жұқтыру жағдайлары жаппай емес, өйткені барлығы екінші рет ауырмайды.
АҚШ сарапшылары мен вирусологтарының пікірінше, COVID-19-ны жеңген пациенттердің үш тобы бар: күшті, әлсіз және орташа. Бірінші топ мықты, оған жаңа коронавирустық инфекциямен ауыратындардың барлығы кіреді. Ғалымдардың пікірінше, олардың иммунитеті кейінірек жұқтырған жағдайда SARS-CoV-2-мен жақсы күреседі. 

Мұндай иммунитеті бар адам ковидті бірнеше рет жұқтыруы екіталай. Екінші топ әлсіз, бұл топқа ковидті жиі жұқтырған науқастар жатады әрі оларда вирусқа қарсы антиденелер жоқ. Бұл жағдайда адам ауруды жеңе алады, бірақ дене жасушалары оны «есіне түсірмейді», жаңа инфекцияға антиденелер пайда болмайды және қайта жұқтырған жағдайда COVID-19 жоюға көмектесе алмайды, - дейді Ф. Ағыбаева.

Оның айтуынша, науқас тағы да ауырып қала ма, жоқ па, ол инфекциямен кездескен сәттегі иммунитеттің жай-күйіне байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы