Оразалин инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

8 Қазан 2021, 22:22
3125
Бөлісу:
Оразалин инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Ақтөбе қаласын дамыту мен абаттандыру бойынша жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының инфрақұрылымдық дамуы мен абаттандырылуы бойынша бірқатар жобаның жүзеге асырылуымен танысты.

Жұмыс сапары «кіші Сәңкібай» аталатын Әлия Молдағұлова даңғылынан Пожарский көшесіне дейінгі жолдардың жөндеу жұмыстарын қараудан басталды.

Жөнделіп жатқан аумақтың ұзындығы -​ 2450 метр. Бүгін кешке бәрін аяқтауды жоспарлап отырмыз,- деп баяндады “КазСтройМагнум” ЖШС мердігер ұйымының басшысы Руслан Нысанбаев.
Бұл жобаның жүзеге асырылуы Сәңкібай батыр даңғылындағы жол қозғалысын жеңілдетеді деп күтіліп отыр.

Биыл Ақтөбеде сондай-ақ, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша облыс орталығында барлығы 220 аула жөнделіп, 67 балалар ойнайтын алаң салынбақ, сонымен қатар, 9 саябақ пен гүл бағы қалпына келтіріледі.

Жұма күні «Алақай» облыстық қуыршақ театрының маңында орналасқан «Тұрғындар қалашығы» ауданында қалпына келтірілген гүл бағының ашылуы өтті. Мұнда көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяужолдар төселді, балалар ойнайтын алаң мен ересектерге арналған жаттығу алаңы орнатылды.

​ «Қаламыз күннен күнге жақсарып келеді, ендігі кезек біздің «Тұрғындар қалашығына» келді. Мен осы жерде тудым, бұрын оны «Ақтөбенің Швейцариясы» дейтін. Уақыт өте келе аудан қараусыз қалды, бірақ облыс пен қала басшылығының бей-жай қарамай, назарға алуының арқасында үйлеріміз бен осы гүл бағы осындай тамаша күйге енді. Аудан тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін. Осы жерде еңбек еткендердің бәріне рахмет айтамын. Балаларымыз әдепті болып өссін десек осының бәрін ұқыпты ұстайық», деді Лариса Сладкова.

​Осы жылы еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оңай болған жоқ, қиындықтар көп болды. Шекаралар айқындалып, экономикалық байланыстар нарық экономикасының қыспағына шыдамай, үзіліп жатты, өндірістер жабылып жатты, колхоздар мен совхоздар жабылды, жұмыссыздық пайда болды, бюджет кірісі азайды. 90-шы жылдары зейнетақыны, дәрігерлер мен мұғалімдерге еңбекақыны бере алмай қалған кездер болды. Осының барлығы естеріңізде. Елбасының дана әрі көреген саясатының, халқымыздың шыдамлығының, бірлігі мен еңбекқорлығының арқасында біз бұл сынақтан да өте алдық. Бүгін, нығайған экономиканың арқасында бізде көптеген сұрақты шешуге мүмкіндік бар. Соның ішінде, халықты мектептермен және медициналық мекемелермен қамту, қараусыз қалған көптеген ғимаратты, сонымен қатар, саябақтар мен гүл бақтарын жөндеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде,- деді аудан тұрғындарымен тілдескен Оңдасын Оразалин.

Өзіңізге белгілі, «Тұрғындар қалашығында» биыл ауданды қайта жаңарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген болатын. Облыс әкімі «Тұрғындар қалашығының» кейпін өзгерту жұмыстары жалғасатынына сендірді. Бұдан өзге, жарын аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, қаланың «ГМЗ», «Малышка», «Әуе қалашығы» секілді ескі бөлігіндегі үйлердің қасбетін жаңарту жобалары жүзеге асырылады.

Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Кірпішті ауылындағы көшелердің көлік жүретін жолдарының жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда мұнда жалпы ұзындығы 2650 метр болатын төрт көшенің жолдары жөнделіп жатыр. Бұдан басқа, кірпішті ауылындағы 15-тен астам көшені жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар, Қызылжар-2 кентінде жалпы ұзындығы 1950 метр автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары, ал Қызылжар - 3 кентінде ұзындығы 1314 метр жол құрылысы жалғасуда.

Жұмыс барысымен танысып, мердігер ұйымдардың есептерін тыңдаған облыс әкімі қала орталығынан шалғайдағы тұрғын үй алаптары мен қала маңындағы ауылдарда қолайлы орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жолдарды барынша қамтамасыз ету керек. Қоғамдық көлік жүретін негізгі көшелерден, мектептерге, ауруханаларға, басқа да әлеуметтік нысандарға баратын жолдардан бастап, біртіндеп басқа көшелерге көшіңіздер, - деді Оңдасын Оразалин жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына.

Бұдан кейін аймақ басшысы Іле су қабылдағышын кеңейту жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда оң және сол жағалауларда қосымша 14 ұңғыма бұрғыланады.

Жобаны іске асыру Тамды су қабылдағышының екінші көтерілуінің сорғы станциясына су беруді тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Парасат және Думан тұрғын үй алаптары сумен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Батыс-1 және Батыс-2 шағын аудандарына су беру жақсартылады. Су алуды кеңейту жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

"Нұр–Ақтөбе" ықшам ауданындағы қазандықтың кеңейту барысымен танысқан облыс әкімі жылу беру маусымында қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

"Aqtobe su-energy group" АҚ бас директоры Асқар Қыстаубаев бүгінгі таңда әлеуметтік нысандар 100% және Ақтөбе қаласындағы көппәтерлі үйлердің 98% ​ жылу жүйесіне қосылғанын хабарлады.

Жылу әлі қосылмаған үйлер бар, бірақ бұл ПИК, кондоминиумдардың кінәсі. Біз оларға маусым айынан бастап су сынақтарын жүргізу, элеваторларды тексеру, құбырларды жөндеу қажеттілігі туралы айттық. Көбісі өтпеді, бірақ біз қайда барсақ та, жылу бердік. Біз позицияға кіреміз. Қалған нысандар бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді А.Қыстаубаев.

Өзгелердің жаңалығы