Журналистер арасындағы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

8 Қазан 2021, 20:02
1472
Бөлісу:
Журналистер арасындағы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Ресса Нобель сыйлығын иеленді. Бұл туралы Ослодағы Нобель комитеті мәлім етті.

Екі журналист те «демократия мен бейбітшіліктің алғы шарты ретінде ой бостандығын сақтауға тырысқаны үшін» марапатқа ие болды, -делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нобель комитетінің басшысы Дмитрий Муратов пен Новая газета баспасының көзсіз ерліктері туралы айтты.

Новая газета 1993 жылы құрылғаннан бері сыбайлас жемқорлықтан, полицейлердің зорлық -зомбылығынан, заңсыз тұтқындаудан, сайлауды манипуляциялаудан, тролль фабрикаларынан бастап, Ресей әскерлерінің ел ішінде және сыртында саясатына дейін сыни мақалалар жариялап келеді. Бұған жауап ретінде «Новая газетаның» қарсыластары оларды қорқытумен, зорлық -зомбылықпен және кісі өлтірумен қысады. Газет құрылғаннан бері оның алты тілшісі қазап тапты, оның ішінде Шешенстандағы соғыс туралы жазған Анна Политковская айтсақ болады. Мұндай қорлыққа қарамастан, бас редактор Мұратов тәуелсіздік қағидасынан бас тартпай, журналистиканың кәсіби және этикалық стандарттарына сәйкес қолынан келгенше журналистердің таңдаулы тақырыптары бойынша мақала жазып, құқықтарын үнемі қорғады,-деді Комитет басшысы Берит Рейс-Андерсен.


Өзгелердің жаңалығы