Все новости за 19 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Үстел теннисі. Кирилл Герасименко екінші рет ел чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Кирилл Герасименко Қарағандыда өткен 2021 ITTF Kazakhstan International Open турнирінің жеңімпазы атанды.
-
Ресейде парламент сайлауына 14 партия қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде бүгін парламенттік сайлаудың соңғы үшінші күні өтіп жатыр. Оған 14 партия қатысты. Мемлекеттік думадан бөлек 46 өңірде аймақтық сайлау да жүрді.
-
Ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер орбитасынан алғаш рет туристерді алып шыққан Crew Dragon ғарыш кемесі үш күндік сапарын аяқтады. Туристік экипаж жайғасқан капсула 18 қыркүйекте Атлант мұхитына келіп түсті.
-
Алматыда заманауи өрт сөндipy бөлiмi ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында қала күнi мерекесiне орай Наурызбай ауданында өрт сөндіру бөлiмі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі ауданның 159 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.
-
Әйгілі Мэнни Пакьяо президент болғысы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппиндік боксшы және сенатор Мэнни Пакьяо атымен танымал Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болады. Бұл туралы CNN Philippines-тің Twitter парақшасы хабарлады.
-
«Cerebra Al-lab» жобасы инсультті 10 минутта анықтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында «Cerebra Al-lab» жобасы іске қосылды. Бұл инсультті 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда үздік аула иесі 5 млн теңге жүлде алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының күнінде аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасы үздік үш жеңімпазды және Гран-при иегерін анықтады.
-
Не шешеді? Тағы бір қоғамдық кеңес құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде заңнама талабына сәйкес жаңа қоғамдық кеңес құрылды.
-
Белгілі айтыс ақыны Әбдікерім Манапұлы дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әбдікерім Манапұлы дүниеден өтті. Бұл туралы Белгілі ақын Бауыржан Халиолла хабарлады.
-
Депутаттар жарылыстан зардап шеккен отбасылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент депутаттары Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен үш ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға екі вагон көмір таратты.
-
Автокөліктің дөңгелегін қысқыға ерте ауыстыру қаншалықты қауіпті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн суыта бастағалы жүргізушілер көліктерінің дөңгелегін қысқыға ауыстыруға тырысатыны анық. Дөңгелектерін қысқыға ауыстыру маусымы басталған шақта кейбіреулер шиномонтажда кезекте тұрғысы келмесе, енді бірі қысқа алғашқы қар түскенге дейін қамдануға тырысады.
-
Отандық мергендер нысана көздеуден Азия чемпионатын сәтті аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Бүгін Ресейде үш күнге жалғасқан сайлау аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде алғаш рет үш күндік дауыс берудің федералдық деңгейіндегі сайлау өтіп жатқаны белгілі. Кейбір өңірде сайлаудың алғашқы екі күнінде сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды BBC.
-
QazVac – отандық ғылымның жемісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемия басталғалы да екі жылға жуықтады. Індетпен күреске дәрігерлермен қатар, ғалымдарымыз да белсене кірісті. Сөзімізге коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцинаның ойлап табылуы куә.
-
Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда салынып жатқан «Сапфир» тұрғын үй кешенінде тас қалаушы болып жүрген жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды.
-
Қала күні Алматыда жаңа креативті кеңістік таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заманауи өнер мұражайы, саябақ аймағы, креативті кварталы мен балет театры бой көтеретін шығармашылық хаб қала тұрғындары мен оның қонақтарының сүйікті мекеніне айналады. Жобаның тұсаукесері Қала күні аясында өтті.
-
Диетолог иммунитетті нығайтатын жеті түрлі көкөністі атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер күзде қол-аяғыңыз мұздап, жиі тұмаурататын болсаңыз, тамақ рационыңыздағы көкөністер жиынтығын өзгерту қажет. Диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Денисова суық күндерге қалай дайындалу керек екенін және иммунитетті қалай нығайтуға болатынын айтып берді.
-
Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 қыркүйекте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.
-
Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар сергек ұйқының құпиясын анықтады. Ресейдегі сомнология орталығының мамандары адамның ұйқы қажеттілігі тамақтанудан да маңызды екенін айтты, деп жазады ИТАР-ТАСС.
-
Елорда саябақтарында «Алтын күз» концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филармония директоры Ерлан Дакеновтің айтуынша, күздің осы бір соңғы шуақты жылы күндерінде қала қонақтары мен тұрғындарына карантин режимін сақтай отырып, демалыс күндерін мерекелік көңіл-күйде өткізуге ат салысу – өнер ұжымының мақсаты болған.
-
Балаева Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 19 қырқүйекте, Ташкентте өткен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу барысында министр Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін, сондай-ақ жалпы тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты.
-
Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қыркүйектің басынан бастап өтіп жатқан кенеттен тексеру шеңберінде әскерлер Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Елордадағы Тәшенов көшесіндегі учаске жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәшенов көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
SpaceX ғарыш кемесі жерге оралды
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі әлемде алғаш рет кәсіби емес коммерциялық экипажбен ғарышқа саяхат жасап, үш күндік сапардан оралды. Олар Атлант мұхитындағы Флориданың жағасына қонған деп хабарлады Lenta.ru.
-
Өткен тәулікте 40 халықаралық әуе рейсі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 18 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
Әлемнің ең ауқатты отбасылары кімдер?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bloomberg агенттігі құрастырған әлемдегі ең ауқатты отбасылардың рейтингі жарияланды. Алғашқы орынды Walmart көтерме және бөлшек сауда желісінің қожайыны – Уолтон әулеті иеленді.
-
Әлем чемпионаты: Ералхан Айкөз жалпы есепте 4-орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Иранның астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан ат үстінде садақ атудан XVI әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап жүрген Ералхан Айкөз жақсы нәтиже көрсетті.
-
Алматыда 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі – Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады. Ол Facebook-тегі парақшасында мегаполистің дамуына қосқан үлестері үшін қала тұрғындарына алғысын білдірді.
-
Әлемге әйгілі футболшы науқастанып, ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле қатты науқастанып жатыр. Қыркүйек айының басында оған ота жасалып, қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды деп жазады Lenta.ru.
-
Қытайда кеме аударылып, бірнеше адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесінің аударылуы салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Бүгін – «Аналар күні»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде «Аналар күні» аталып өтілуде. Бұл мереке 2012 жылы Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын.
-
Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша осы жылдың бірінші қарашасына дейін жем-шөп тасымалдауға жеңілдік тарифтерін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, биыл күзде Нұр-Сұлтан қаласында 500 мыңға жуық ағаш пен жасыл желек отырғызу жоспарланып отырған көрінеді.
-
ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотолар жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінің фотосы жарияланды.
-
Алматының екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы қоныс тойын тойлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы қоныс тойын тойлайды. Қала күні оларға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін тапсырды.
-
Шымкент қаласы «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Сағынтаев Алматының жаңа құрметті азаматтарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, Қала күнінде «Қаланың құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде берілді.
-
Әлемде балалар арасында белгісіз вирус тарап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде балалар белгісіз вирус жұқтырып жатыр. Бұл туралы АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария мен Жапонияның дәрігерлері дабыл қағуда деп жазады Lenta.ru BBC News-ке сілтеме жасай отырып.
-
Алматы маңында жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлайды.
-
БҚО-да археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде мешіттің орны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО, Теректі ауданы аумағындағы «Ақмешіт» қорымының қасынан археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде мешіттің орны анықталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Елордада стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирі өз мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар алаңы ауданында орналасқан «NS Street Life» көше спортының колизейінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр облысқа жұмыс сапары барысында кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін қарап шықты, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарады.
-
ДСМ: 7 284 247 адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 19 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Коронавирустан 56 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 19 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
Ақтөбеде зерттеу экспедициясы жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе өңірінде 18-ші және 20-сыншы ғасырлар аралығында өмір сүрген діни қайраткерлер мен олар қызмет еткен мешіт орындары зерттеліп жатыр.
-
2 909 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2 909 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2781 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2781 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Бюджеттен 62 млн теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ветеринарлық станция директоры мен есепшісі 62,9 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі.
-
Биыл Атырауда 28 адам суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бақыт Аблановтың мәліметінше, су айдындарында қаупі басым 70 учаске бар.
-
Ақмолада жылыту маусымы 20 қыркүйектен басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, барлық жабдық кез келген уақытта іске қосуға дайын, ал отын қоймаларда сақталған.
-
Кабул мен Джелалабадта жарылыстар болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 18 қыркүйекте Ауғанстанда жарылыстар болды. Кем дегенде екі жарылыс Кабулда, тағы біреуі Джелалабад қаласында болды, деп хабарлайды РИА Новостиге.
-
Қазақстандық боксшылар қомақты жүлдеге таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді, деп жазады Sports.kz.
-
Қарағандыда дала өртінен бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Қарақаралы ауданында шыққан дала өртінен зардап шегіп, денесінің 90%-ын термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды.
-
Қапшағай маңында жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты.
-
Гүлшара Әбдіқалықова базардағы бағаны тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі азық-түлік өнімдерінің бағаларын бақылау үшін қаладағы бірқатар ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерді аралады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Әлемде «климаттық босқындардың» саны артуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір климаттың өзгеруі ғалымдармен қатар қарапайым тұрғындарды да алаңдатып отыр. Бұл мәселеге әсіресе жастар жағы көп бас қатыратын көрінеді.
Наверх