«Cerebra Al-lab» жобасы инсультті 10 минутта анықтайды

19 Қыркүйек 2021, 21:12
20100
Бөлісу:
«Cerebra Al-lab» жобасы инсультті 10 минутта анықтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында «Cerebra Al-lab» жобасы іске қосылды. Бұл инсультті 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Диагностиканы автоматтандыру бағдарламасы дертті жедел анықтап, бірден емдеуге кірісуге мүмкіндік береді. 

Небәрі 10 минутта диагноз қойылып, неврология ауруының алдын алуға болады. Елордалық дәрігерлер невролог-инсультолог, радиологтарға арналған шеберлік сабағын өткізді. 

Алматы қаласынан Нейрохирургия орталығының жетекшісі Мыңжылқы Бердіходжаева, Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазақстандық нейрохирургия орталығы» ҚБ төрағасы Азат Шпеков келіп, 11 ота жасады. Жоғары технологиялы операцияға жергілікті нейрохирургтар қатысып, тәжірибе жинады - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы