Белгілі айтыс ақыны Әбдікерім Манапұлы дүниеден өтті

19 Қыркүйек 2021, 20:06
3138
Бөлісу:
Белгілі айтыс ақыны Әбдікерім Манапұлы дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, "Яссауи мұрасы" газетінің бас редакторы Әбдікерім Манапұлы дүниеден өтті. Бұл туралы Белгілі ақын Бауыржан Халиолла хабарлады.

Қазақтың айтыс өнері мен сөз майданы тағы бір әлеуеті мол, өнері қуатты сарбазынан айрылды. "Бір өзі - бір театр" атанған халық ақыны, дүлдүл шешен Манап Көкеновтің ұлы Әбдікерім Манапұлының жүрегі тоқтап, соңғы сағаты соғыпты... Азулы айтыскерлігімен бірге ғажап композитор, әдемі үнді әнші болатын. Қос ішекті домбырамен қатар сызылтып сырнаймен салған сазы қандай еді?.. Қош, Сыр сүлейлерінің сарқыты, мінезге бай, сөзге ұста аяулы аға, жаныңыз жаннатта, иманыңыз жолдас болсын! - деп жазды Бауыржан Халиолла.

Өзгелердің жаңалығы