Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды

19 Қыркүйек 2021, 18:11
7783
Бөлісу:
Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда салынып жатқан «Сапфир» тұрғын үй кешенінде тас қалаушы болып жүрген жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды.

Бұл туралы Патриот telegram-каналында хабарланды.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте 18:20 шамасында болған. 2001 жылы туған жұмысшы № 349 құрылыстың № 137 есептік кварталында жұмыс істеген. Алдын ала мәлімет бойынша ол 9-қабаттан құлаған. Алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен, - делінген telegram-каналда.

Мәлімет бойынша марқұмның есімі Абзал Бөгетұлы Қорабай болған. Құрылыс алаңында ол ағасымен және әкесімен бірге жұмыс істеген. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Қарағанды облысы ПД хабарламасында.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, аталған құрылыс алаңында 20 тас қалаушы, төрт монолитші, бес электрмонтаждаушы, екі краншы және бір жүк тиеуші жұмыс істейді екен.

Өзгелердің жаңалығы