Автокөліктің дөңгелегін қысқыға ерте ауыстыру қаншалықты қауіпті?

19 Қыркүйек 2021, 19:24
2300
Бөлісу:
Автокөліктің дөңгелегін қысқыға ерте ауыстыру қаншалықты қауіпті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн суыта бастағалы жүргізушілер көліктерінің дөңгелегін қысқыға ауыстыруға тырысатыны анық. Дөңгелектерін қысқыға ауыстыру маусымы басталған шақта кейбіреулер шиномонтажда кезекте тұрғысы келмесе, енді бірі қысқа алғашқы қар түскенге дейін қамдануға тырысады. 

Сарапшылар дөңгелек ауыстыруға асықпауды ұсынады, деп жазады Lenta.ru.

Күн суытқанға дейін қысқы дөңгелек қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысында жазғы шинаға қарағанда аса қорғай алмайды.

Ауа температурасы +3-тен +10°C аралығында қамтитын полигонда жүргізілген сынақ қорытындысында қысқы дөңгелекті автокөліктің тежеуіш жолы 100 км/сағ жылдамдықты тоқтаған кезде жазғыға қарағанда екі корпусқа үлкен екендігі анықталған. Тікенекті дөңгелек ауа температурасы жылы кезде жақсы қызмет көрсете алмайтын көрінеді.

Керісінше, қысқы дөңгелек шамамен -5°C кезінде тиімді болып табылады. Ал жазғы дөңгелектер сынап бағанасы төмендегенде жол қауіпсіздігі үшін қауіпті.

Ал кейбір шина өндіруші көлікті суыққа ерте дайындап, +7°C кезінде ауыстырған жөн деп отыр. Мұндай нұсқаулықтар кез келген ауа райы жағдайын есепке алуға тырысады.

Сарапшылар ауа температурасы нөлге жуықтағанда автокөлікті ертерек дайындап қойғанның дұрыстығын алға тартты. Бастысы мамандардың қолына сеніп тапсырсаңыз болғаны дейді олар.

Өзгелердің жаңалығы