Не шешеді? Тағы бір қоғамдық кеңес құрылды

19 Қыркүйек 2021, 20:30
8015
Бөлісу:
Не шешеді? Тағы бір қоғамдық кеңес құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде заңнама талабына сәйкес жаңа қоғамдық кеңес құрылды.

"Егемен Қазақстан" сайтының мәліметіне қарағанда, Кеңес құрамына Прези­дент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының президенті Ерлан Әбіл, Мә­жіліс депутаты Айдос Са­рым, М.Нәрікбаев атын­дағы ҚазГЮУ ректоры Тал­­ғат Нәрікбаев және Мұ­рат Әбенов, Исидор Бор­чаш­вили, Марат Бәшімов, Кә­кімжан Бишманов, Айнұр Сәбитова, Мэлс Семғалиев, Ербол Өстеміров сынды қо­ғам қайраткерлері мен бел­сенділері кірді. Қоғамдық кеңестің төрағалығына ашық сайлау арқылы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төр­ағасы Дархан Қыдырәлі сайланды.

Отырыста атап өтіл­ге­нін­дей, жаңа заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес енді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және азаматтардың өтініштерін олардың қоғамдық маңызына қарай өздігімен алып, қа­растыра алады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кон­курстық комиссияларына қатысуға құқылы. Яғни қо­ғам өкілдері агенттік қыз­ме­тінде болып жатқан бар­лық үдерістерге белсенді тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы