Өткен тәулікте 40 халықаралық әуе рейсі келді

19 Қыркүйек 2021, 14:41
1271
Бөлісу:
Өткен тәулікте 40 халықаралық әуе рейсі келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 18 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
    

2021 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Швейцария, Латвия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсі келді,- деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
    
Өткен тәулікте 5 319 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
    
Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 888 жолаушы;
    
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 641 жолаушы;
    
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 95 жолаушы;
                                                                             
Ақтау қаласының әуежайына - 4 рейс, 384 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 195 жолаушы;
  
Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 116 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
    

Өзгелердің жаңалығы