Бүгін Ресейде үш күнге жалғасқан сайлау аяқталады

19 Қыркүйек 2021, 18:42
5539
Бөлісу:
Бүгін Ресейде үш күнге жалғасқан сайлау аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде алғаш рет үш күндік дауыс берудің федералдық деңгейіндегі сайлау өтіп жатқаны белгілі. Кейбір өңірде сайлаудың алғашқы екі күнінде сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды BBC.

Бұл үш күндік дауыс беру сценарийі бойынша өткізіліп жатқан алғашқы федералдық сайлау болып табылады. Мұндай формат 2020 жылы Конституцияға түзетулер енгізу кезінде сынақтан өткізген болатын. Сол кезде дауыс берушілер бір апта бойы ашық болды. Дауыс беру Ресейде коронавирус пандемиясының алғашқы толқыны кезінде өткен.

Арада бірнеше апта өткен соң Мемлекеттік дума дауыс беруді көп күнге жалғастыруға рұқсат беретін заңды қабылдады. Оған дауыс берушілерді індеттен қорғау шаралары негіз болды. Өйткені мұндай формат дауыс беру учаскелеріне халықтың көп шоғырлануының алдын алады деп отыр.

Орталық сайлау комиссиясы таратқан деректерге сүйенсек, екінші күнінің қорытындысы бойынша Мәскеу уақытымен 20:00-де Мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға келушілер 31,51%-ды құрады. Бұл жерде учаскедегі дауыс беру қорытындысы ғана есепке алынған. Электрондық дауыс беру бұл деректерге енгізілмеген деп отыр.

Ресейлік өңірлер арасында сайлауда белсенділік танытқан аймақтар арасында Шешенстан көш бастап тұр. Республикадағы сенбі күні кешкісін 73,49% адам дауыс беріп үлгерген. Ал ең төменгі көрсеткіш сайлаушылардың 17%-ы ғана белсенділік танытқан Хакасияда байқалып отыр.

Мәскеуде сағат 15.00-дегі деректер бойынша 30%-дан астам, ал Петербургте 16,6% адам дауыс берген.

Барлық учаске жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылады. Сондай-ақ онлайн дауыс беру де аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы