Алматыда заманауи өрт сөндipy бөлiмi ашылды

19 Қыркүйек 2021, 21:59
4647
Бөлісу:
Алматыда заманауи өрт сөндipy бөлiмi ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының қала күнi мерекесiне орай Наурызбай ауданында өрт сөндіру  бөлiмі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі ауданның 159 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.

Алматы қаласының Әкiмi Бақытжан Сағынтаев өрт сөндipy жауынгерлерiн бөлiмнiң ашылуымен құттықтап, қызметтерiне алғыс айтты. Жаңадан салынған өрт сөндipy депосы оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрт сөндipy  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге сапалы жұмыстар жүргiзуге қол жеткiзедi. Депоның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы, Алматы қаласының ТЖД басшылары  мен азаматтық қорғау ардагерлерi қатысты.

2014 жылы құрылған Наурызбай ауданының құрамына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тасты бұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман- 1,2,3 ықшам аудандары кіреди.

Қазәргі таңда аудан тұрғындардың жалпы саны - 159 115 адамды құрайды. Қосылған аумақтарда өрт сөндipy бөлiмi болмаған, осыған байланысты, Ақжар ы.а. өрт сөндipy бекетiн салу ұйымдастырылды. 2015 жылдан берi бөлiмшелермен 700 ден астам шығулар болды.

Екi қабатты депоның ғимараты 1,5 жылға жетпей аяқталды. Өрт сөндipy бөлiмi 6 шығуға есептелген, жалпы көлемi 3,2 мың ш.м. Гарнизон қызметкерлерiне жатақхана қарастырылған. Сондай-ақ, қала әкiмi Б.Сағынтаев қызметтiк авто көлiктiң кiлтiн  табыстады.

Өрт сөндiрy бөлiмiнiң боксына авто цистерналарды да сыйғызуға болады. Қаланың жедел дамып, өркендеуiне байланысты, өрт сөндipy бөлiмi биiк ғимараттарға арналған арнайы техникалармен жабдықталатын болады.

Бүгiнгi күнi Алматы қаласының қауiпсiздiгiн 17 күштiк бөлiмшелер қамтамасыз етедi. Қызметтiң қорғанысында 157 бipлiк өрт сөндipy техникасы мен жеке құрамнан күн сайын 210 адам тәулiктiк кезекшiлiкке түседi. Ағымдағы жылы  жергiлiктi бюджет есебiнен гарнизон тағы да 44 бipлiк техникамен толықтырылатын болады. Қазipгi уақытта орын алған ТЖ дер кезiнде нақтылап, өртке қарсы қауiпсiздiгiн нығайту үшiн Алатау ауданында да өрт сөндipу депосының жұмыстары аяқталуда және Бостандық ауданы Нұр Алатау ы а.4 шығуға арналған депоны құрылысы жүргiзiлуде.

Өзгелердің жаңалығы