Все новости за 6 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ҰҚК. "Қорғастағы" иесіз дәрі-дәрмек
Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды.
-
Астанада шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді
Астана, BAQ.KZ. Елге оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың Қазақстан қоғамына кірігуіне жағдай жасау – «Отандастар» Қорының басым бағыттарының бірі. Осыған орай Қор 2019 жылдың 9 ақпанында елге оралған қандастардың қатысуымен Астана қаласында шағын футболдан қалалық дәстүрлі «Alash» турнирін ұйымдастырады.
-
2019 жылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады - министрлік
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1%-ке өсті. Бұл тау-кен секторының 4,6%-ке және өңдеуші өнеркәсіптің 4%-ке озық қарқынмен өсуі есебінен орындалды.
-
Үсік шалғанда не істеу керек
Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ қатты аязда үсік шалудың алдын алу және үсікке шалдыққан жағдайда алғашқы көмекті дұрыс көрсетудің негізгі шараларын ұсынды.
-
Петропавлда екі күнде 5 адамды үсік шалған
СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда қатты аяздың кесірінен 2 күнде 5 адам үсіп қалды. Жыл басынан бері 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне үсік шалған 32 адам түскен. Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды.
-
Қарағандыда жолда қалған 5 адам құтқарылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бүгін ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Дегенменде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, қауіп-қатерге бас тігетіндер қатары азаймай отыр.
-
СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 26 адамға жетті
СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққандар саны 26 адамға жетті. Тағы 52 тұрғын аталған дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуге алынды.
-
ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы ауысты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
-
Депутат: Отандық өнімді пайдалану киберқауіпсіздік тұрғысынан маңызды
Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жұмыс сапарлары барысында жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ тарифтерді орнату мәселелерін талқылады.
-
Өткен жылы Жамбыл облысында бюджет 100% игерілген
Тараз, BAQ.KZ. Өткен жылы облыста бюджет деңгейлері бойынша меншікті кірістерінің орындалуы 107,8 пайызды құрап, республика өңірлері арасында үшінші орынға көтерілген. Бұл туралы өңірн басшысы Асқар Мырзахметовке есеп берген облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді.
-
Ертең Астанада бірінші ауысымдағы сыныптарға сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 7 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.
-
Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті
Түркістан, BAQ.KZ. Отырар ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов арнайы іссапармен барды.
-
Қызылорда қаласының аумағы екі есе ұлғайды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары Қызылорда қаласы халқының саны едәуір артты. Соған байланысты Сырдария өзенінің сол жағалауы игеріліп, үйлер салына бастады. Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев халық алдында есеп беру кезінде айтты.
-
Ноғаев: Әкімдіктер халықпен тығыз байланыста болулары тиіс
Атырау, BAQ.KZ. Облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Көкшетауда жер телімі электронды кезекпен беріледі
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда бұдан былай жер телімін алуға кезекке тұрудың электронды жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді.
-
Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобы құрылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
-
Астанада «Цифрлық армия» күні өтті
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Astana Hub» ІТ – стартап халықаралық технопарк алаңында «Цифрлық армия» күнін ұйымдастырды. Оның ашылуы Премьер-Министрдің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қызылжарда баласын өрттен құтқармақ болған әке ажал құшты
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысының Архангелка ауылында тілсіз жау тағы бір адамның өмірін жалмады. Бауыр етін қызыл жалынның аранынан құтақамын деген әке өзі ажал құшты. Бұл жайында төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен брифингте айтылды.
-
Павлодар әкімі ай сайын кәсіпкерлер сауалына жауап береді
Павлодар, BAQ.KZ. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев Кривенко көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Open Pavlodar фронт-офисінде «Кәсіпкерлердің сағатына» қатысты. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлады.
-
Алматы облысында бірқатар жол жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 6 ақпан күні өңірдегі бірнеше жолдың жабылғаны туралы хабарлады.
-
Елімізде аязды ауа райы жалғасады
Астана, BAQ.KZ. Елімізде алдағы екі күнде аяз сақталады.
-
Үй-жайларда дезинсекцияны қалай дұрыс жүргізу керек
Астана, BAQ.KZ. Дезинсекция – бұл ашық алаңда немесе пәтерде белгілі бір аумақта жәндіктерден арылту бойынша іс-шаралар кешені.
-
Қарағанды облысында 8 адамды үсік шалды
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 4 және 5 ақпанда үсік шалған сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, екеуі амбулаторлы түрде ем алып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Биыл «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумы ұйымдастырылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Берік Уәли 2018 жылы атқарылған жұмыстары мен 2019 жылға алда тұрған міндеттер туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
-
Теміржолшылар ауа райының төтенше жағдайында айрықша режимде жұмыс істеуде
Астана, BAQ.KZ. Бұрқасын мен қардың қалын жауынан, қатты аяз жағдайында әуерейстері мен автомобиль жолдары жабылатындықтан, теміржолшылар қаламаңы бағыттарды қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды жалғастыруда. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады
Астана, BAQ.KZ. 5 ақпан Қытай, Моңғолия қатарлы бірқатар шығыс халықтарының жыл басы саналатын «Шаған» - «Цагаан сар» мерекесі басталды. Осыған орай моңғол халқының «цагаан сарды» тойлау ерекшелігі жайлы мәлметтер ұсынбақшымыз.
-
Алматы облысында мал ұрлығы азаймай келеді
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында «мал ұрлығы» іс-шарасы барысында полицейлер бір күн ішінде мал ұрлығының 9 дерегін ашты.
-
ҰҚШҰ штабының бастығы Орта Азияға төнуі мүмкін қауіпті атады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана - Бішкек - Ереван - Минск видеокөпірі форматында ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоровтың «ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын құрылымдау және басқару органдарының бірлескен даярлығының қорытындысы» тақырыбындағы брифингі өтті.
-
Биыл Ақтөбе облысында 22 мың жас жұмыспен қамтылады
Астана, BAQ.KZ. Биыл Жастар жылына байланысты 22 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров баспасөз конференциясында айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Биыл Қазақстанда «Жауынгерлік бауырластық» оқу-жаттығуы өтпейді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымның 2019 жылғы «Жауынгерлік бауырластық» жедел стратегиялық оқу-жаттығулары Беларусь, Ресей, Тәжікстан аумағында өтеді. Бұл туралы Мәскеуде өткен брифингте ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді.
-
«Сыбаға» бойынша несиелеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр
Астана, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеу өтініштерін қабылдауды жалғастыруда. Қаңтар айында қор жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 1,2 мың бас ірі қара мен 3,2 мың бас ұсақ мал сатып алуға 42 несие берді.
-
Астаналықтар Сольналь мерекесін тойлады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Корей халқының жаңажылдық мерекесі – Сольнальды тойлауға астаналықтар Корей мәдени орталығына жиналды. Көктемнің келгенін білдіретін мейрам – қазақ халқының Наурызындай.
-
Сырбойылық өрендер саз балшықтан жасаған сырлы аяқ
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі балаларға саз балшықтан бұйым жасаудың қыр-сырын үйретеді.
-
Ақтөбеде тракторшылар тапшы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Аймақтағы жұмыссыздар арасында экономист, заңгерлер көп. Ал биыл 38 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады.
-
Шығыс Қазақстанға еліміздің бес облысынан жұмысшы мамандар тартылуда
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы Шығыс Қазақстанға еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1816 мүшесі бар 608 отбасы көшіп келген. Олардың ішінде 324 отбасы қоныс аударушылар болса, қалған 284-і оралмандар жанұясы. Облысқа негізінен мұғалімдер, медицина қызметкерлері, есепшілер, тәрбиешілер мен жұмысшы мамандар тартылуда. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова хабарлады.
-
Павлодарлық жүргізушілер тоңып қалған тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізуде
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жүргізушілері тоңып қалған тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізуде. Осындай бастаманы жастар бірлестіктерінің белсенділері көтерді.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Қайырымды Павлодар» акцияның аясы кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта жастардың үндеуіне
-
Сағатың тоқтамасын. Астанада әлемде жасалмаған ота жасалды
Алайда, жасанды жүрекпен өмір сүретіндер өзімен бірге салмағы 3 келіге жететін сөмкені әрдайым тасып жүруі тиіс болатын.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша ақпанның 7-9 аралығында қатты аяздар әлсірей бастайды.
-
Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа Fly Arystan әуе компаниясының қашан жұмыс істейтінін айтты.
-
Конфедерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы ұпайды әкелді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таиланд құрамасына қарсы алғашқы мачта қарсыласы Мананчая Савангкаевтан 6:1, 6.3 есебімен басым түсті.
-
Көпбалалы отбасыларға пәтер алу үшін арнайы сертификаттар беріледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта көпбалалы отбасылар үшін пәтер алуға арнайы сертификаттар беру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлім етті.
-
Назарбаев: Жапониямен байланысты дамыту - сыртқы саясатымыздың басым бағыты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.
-
Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеміз – жас волонтер
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде қаладағы жас тұрғындар үшін өзін дамытуға түрлі мүмкіндік бар. Мұндай мүмкіндікті әкесінің кеңесімен қолған Ұлпан Изакова Корей мәдени орталығында бір жылдан бері волонтер болып жүр.
-
Шорт-тректен әлем чемпионатына кімдер қатысады
Астана, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасы Италияның Турин қаласында өтетін әлем кубогының соңғы кезеңінен кейін Болгарияның София қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков маңызды жарыстар алдындағы команданың жай-күйімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың алдын алуы қажет – Назарбаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада айтты. Бүгін жаңа елшілер Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырған еді.
«Халықаралық қатынастар саласында әлемдік жүйенің түбегейлі өзгеріске ұшырағаны баршаңызға мәлім. Жетекші ядролық мемлекеттер арасындағы текетірес әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осы орайда «Орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың» бұзылу қаупі ерекше екендігін атап өткен жөн. Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың болуына жол бермеу үшін, алдын алу үшін жұмыс істеуі қажет. Бұл біздің бүкіл адамзат алдындағы тарихи жауапкершілігіміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Қазақстан әлемдік татулық пен бірлікті сақтауға әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
«Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған қызметі соның айқын дәлелі. Жаһан жұршылығы Қазақстанды ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде мойындап отыр. Биыл 29 тамызда Семей полигонында алғашқы ядролық сынақты өткізгеніне 70 жыл толады. Біз бұл атаулы датаға ерекше мән береміз. Қазақстан антиядролық іс-қимылдармен қатар өңірлік деңгейдегі қақтығыстарды реттеуге белсенді атсалысып келеді. Оған Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесі, Ауғанстанға көрсетілген көмек және басқа игі істеріміз дәлел болмақ. Мемлекетіміз алдағы уақытта да әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қоса беретін болады», - деді Назарбаев.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада бес мемлекеттің елшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Атап айтсақ, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань, Хорватия елшісі Рефик Шабанович, Жапония елшісі Тацухико Касаи, Чехия елшісі Рудольф Гикл, Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода табыстады.
Қымбат Елтайқызы
-
Бес баланың өлімі: Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы пәтерлердің саны артуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
-
Өскеменде полиция көлігінің астына түскен әйел көз жұмды
Астана, BAQ.KZ. Өскеменде полиция автокөлігі қаққан әйел көз жұмды. Бұл жөнінде ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өскемен ауруханасында реттелетін жаяу жүргінші өтпе жолында полиция машинасы қаққан әйел қайтыс болды.
«Жәбірленушінің медициналық мекемеде көз жұмуына байланысты полиция автокөлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша қайта сараланып қаралуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Жол-көлік оқиғасы 5 ақпан күні сағат 10:30 шамасын оран алған.
«Іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама, соның ішінде, сот-автотехникалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталады және жинақталған материал негізінде заңды процестік шешім шығарылады», - деп жазылған хабарламада.
-
Алматыда 8 рейс кешігіп жатыр
Астана, BAQ.KZ. Алматы әуежайы сайтындағы электронды таблода көрсетілгендей Астана, Душанбе, Стамбул, Пекин, Семейге жолаушылар уақытында ұша алмай отыр. Рейстердің кешігуне қалың жауған қар себеп болып отыр.
«Қалың жауған қарға қарамай Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшып-қону жолағы жедел қардан тазартылып жатыр. Әуежай паркіндегі техникалар, соның ішінде лайнерлердің деайсингі жеткілікті. Қазіргі таңда әуе айлағы ауданындағы ауа температурасы -6º, 650/250 метрге дейін көру мүмкін. Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында III жоғары санатын алған және 75 метрге дейін көру мүмкін болған кезде де борттарды қабылдай алады», - делінген әуежай таратқан хабарламада.
Әуежай жолаушыларға алдын ала Алматы әуежайының 270-33-33 анықтама телефонына, болмаса өздерінің әуе компаниясының байланыс нөміріне хабарласып рейстері туралы ақпарат алуды ескертті.
-
Түркістанда жоғары технологиялы жылыжай кешені салынуда
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы құны 300 млн долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлағандай, нысан құрылысының басталуы 2019 жылдың І тоқсанына жоспарланған.&
-
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.
-
Бірыңғай жиынтық төлем туралы 3000 адам хабардар болды
Астана, BAQ.KZ. Еш жерде ресми жұмыс істемейтін, алайда табыс табатын азаматтар бар. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді.
-
Мені президент қылып сайламағанда, миллиондаған адам соғыста мерт болар еді – Трамп
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ пен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі кездесу ақпанның 27-28 күндері Вьетнамда өтеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлім етті.
-
Астанада бір тəулікте 14 адамды үсік шалды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты елордада бір тəулікте 14 адам медициналық көмекке жүгінген.
-
Facebook жіберілген хабарламаны өшіруге рұқсат берді
Алматы, BAQ.KZ. Америкалық Facebook компаниясы өз мессенджерінде жіберілген хабарламаны өшіріп тастауға болатын жаңа қызметті іске қосты.
-
АҚШ-та ер адам пуманы жалаң қолмен тұншықтырып өлтірді
Астана, BAQ.KZ. Американың Колорадо штатында жаяу жүргінші оған шабуылдаған пумадан жалаң қолмен қорғанып, ауруханаға өз бетінше жеткен. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады.
-
Қарағанды облысында жыл басынан бері 167 өрт тіркелген
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында жыл басынан бері 167 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудан 4 адам көз жұмды. Оның ішіне 1 бала бар. Бұдан бөлек 8 жастағы тағы бір бүлдіршін иіс тиіп қайтыс болған.
-
Қаңтарда Медсақтандыру қорына 7,6 млрд теңгеден астам түсті
Астана, BAQ.KZ. Биылғы жылдың алғашқы айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті.
-
«Саңырауқұлақ» жұқтырған. Алматыда 20 сұлулық салоны санитарлық норманы сақтамаған
Алматы, BAQ.KZ. Арнайы тексеріс кезінде мегаполистегі 20 салонның жұмысынан шикілік шығып, олардың санитарлық нормаларды сақтамағаны анықталды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Бразилиядағы дамбы жарылуынан қаза тапқандардың саны 140-тан асты
Астана, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға салдарынан 194 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарына жатқызылды. Құтқару жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады.
-
Алматыны қар басып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда түнгі сағат 01:00 жауа бастаған қар түске дейін жалғасады деп болжануда. Қала көшелерін қардан тазарту үшін 574 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл туралы қаланың Жасыл экономика басқармасы хабарлады.
-
Қазақстан зымырандарға қатысты Ресей мен АҚШ-тың шешіміне алаңдаулы – СІМ
Астана, BAQ.KZ. ҚР СІМ Орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт бойынша жағдай жөнінде мәлімдеме жасады.
-
Қарағандыда жол апатынан 4 адам көз жұмды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Қарағанды облысының Осакаров ауданында 2 жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, жол апаты салдарынан төрт адам оқиға орнында қaйтыс болды.
-
Бүгін бірнеше облыста аяз болады
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда,Ақмола облысында түнде қатты, кей жерінде, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде өте қатты аяз болады.
Наверх