Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті

6 Ақпан 2019, 20:04
4705
Бөлісу:
Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті
PHOTO

Түркістан, BAQ.KZ. Отырар ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов арнайы іссапармен барды.

Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті

Бар ғұмырын халыққа қызмет етуге арнаған, кешегі кеңестік кезең мен Тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың рухани өсуіне ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері аудандағы іс-сапарын Отырар музейін тамашалаудан бастады.

Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті

 Жаңарып, жасарған, соңғы технологиямен жабдықталған музейді аралап, арнайы кітапшаға қолтаңбасын қалдырған халық қалаулысы отырарлық халықпен кездесті. Отырар мен Түркістанның қазақ тарихында алатын орнын, руханиятына қосқан үлесін, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын саралап, Елбасымыздың еңбектеріне тоқталған Қуаныш Сұлтанұлы ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және жастардың толғандырған сауалдарына егжей – тегжейлі жауап берді.

Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов елдің өркендеу жолында әр салада қызмет атқарған халықтың жадында ақпарат министрі, дарынды дипломат, заң шығарушы депутат ретінде орны бар Қуаныш Сұлтановқа отырарлықтар атынан «Отырар жәдігерлері»  альбом – кітапты тарту етіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті

Кездесуден соң Мәжіліс депутаты «Отырар Сүт - Ет» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 

Өзгелердің жаңалығы