Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы құны 300 млн долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлағандай, нысан құрылысының басталуы 2019 жылдың І тоқсанына жоспарланған.«Кешен Кентаудағы Қарашық ауылдық округінде бой көтереді. Ол үшін қазір 200 гектар жер телімі бөлініп қойды. Жобаны толығымен түркиялық Dal Holding Investment Cо., Ltd компаниясы жүзеге асырады. Бизнес-жобаға сәйкес, жылыжай кешенінде қияр, қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі», - деді ведомствода.
Жоспарланып отырғандай, жылына 80-100 мың тонна өнім алынады. Оның 20-40 мың тоннасы Қазақстан өңірлеріне жеткізілетін болса, қалған 60-80 мың тонна көкөніс ТМД мен Еуроодақ елдеріне тасымалданатын болады.