Петропавлда екі күнде 5 адамды үсік шалған

6 Ақпан 2019, 22:03
3740
Бөлісу:
Петропавлда екі күнде 5 адамды үсік шалған

СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда қатты аяздың кесірінен 2 күнде 5 адам үсіп қалды. Жыл басынан бері 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне үсік шалған 32 адам түскен. Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, медициналық көмекке жүгінетіндердің негізгі легі – тұрғылықты баспанасы баспанасы жоқ қаңғыбастар. Статистика көрсетіп отырғандай, олардың барлығы дерлік мас күйінде далада жатып қалады. Және мұндай категорияға жататын адамдар ауруханаға дер кезінде келмейді. Дәрігерлер ең алдымен қол, бет, мұрын сияқты мүшелер домбығатынын айтады.

«Осы екі күн ішінде біздің бөлімшеге бес адам түсті. Олардың ішінде ең жасы 22 жастағы азамат. Қолы мен құлағы үсіп қалған. Бірақ өзі білмеген. Бірер күн дәрігерлер бақылауда болады. Егер ая-қолы қарайса, ота жасауға тура келеді», - дейді Петропавл қалалық 3-ші аурухана жанындағы жарақат бөлімшесінің дәрігері Мейрам Оспанов.

Қазгидромет мамандарының болжауынша Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяз әлі де бірер күн қаһарынын түспейді.

«Ақпанның үшінші онкүндігінде Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы -10, -15 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын көлемі мөлшерге сай болады деп күтілуде. Ал жақын күндері саршұнақ аяз әлі де сақталады», - дейді «Қазгидромет» облыстық филиалының бөлім басшысы дейді Гүлзат Ғазизова.

Тарих беттерін парақтасақ, Солтүcтік Қазақстан облысында aқпaн aйындa ең суық күн 1951 жылдың 17 aқпанында тіркелген. Ондa cынaп бaғанaсы - 43 грaдусқa дейін төмендеген. 1963 жылдың 23 aқпанында aуа темперaтурасы төрт градусқa дейін жылынғaн.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде аязды ауа райының сақталатынын, алдағы үш күнде де аяз күшті болатынын, Астанада да 14 адамдыүсік шалғаны туралы жазған болатынбыз. Осыған орай, кеше Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ІІМ мен әкімдіктерге арнайы тапсырма берген болатын.

Эльмира Кәленовa

Өзгелердің жаңалығы