Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҰҚК. "Қорғастағы" иесіз дәрі-дәрмек

6 Ақпан 2019, 22:56
2386
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды.

"Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып, тайып отырса керек. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды" - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы