Өткен жылы Жамбыл облысында бюджет 100% игерілген

6 Ақпан 2019, 20:30
2663
Бөлісу:
Өткен жылы Жамбыл облысында бюджет 100% игерілген

Тараз, BAQ.KZ. Өткен жылы облыста бюджет деңгейлері бойынша меншікті кірістерінің орындалуы 107,8 пайызды құрап, республика өңірлері арасында үшінші орынға көтерілген. Бұл туралы өңірн басшысы Асқар Мырзахметовке есеп берген облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді.

Басқарма басшысы бюджеттік кірістер артығымен орындалып, бюджет 100 пайызға игерілгенін жеткізді. Десе де, облыстың кейбір аудандары мен ауылдық округтер бюджеттерін игеруде сылбыр жұмыс атқарылғандығы жасырын емес. Олардың қатарында Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласында 99,9 пайызға айналған.

Атап айтсақ, өткен жылы салықтық түсімдер 105,5, салықтық емес түсімдер 110,8, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 140,7 пайызға атқарылған. Ал трансферттердің түсімі 100 пайызды құраған.

Жиында жалпы, кірістер жоспары барлық 114 ауылдық округте толығымен орындалғаны айтылғанымен, кейбір түрлері бойынша жоспарға қол жеткізе алмаған 16 ауылдық округтің бар екені белгілі болды. Сондай-ақ, кірістерді ұлғайту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы да қаралды. Роза Әбдірқызы мемлекеттік кірістер департаментімен белгіленген 22 іс-шараның 5-і, аудандар мен Тараз қаласының әкімдерімен бірлескен 19 іс-шараның 9-ы, жер қатынастары басқармасымен белгіленген 4 іс-шараның 2-і орындалмағаны анықталғанын жеткізді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, сәулет-құрылыс бақылау басқармалары мен Шу-Талас бассейндік инспекциясымен белгіленген шараларда орындаусыз қалған.

Асқар Исабекұлы жылдың көрсеткіштері жақсы деңгейде екенін айтып, алдағы уақытта да бюджеттік кірістер мен шығыстардың қатаң бақылауда ұстау керектігін баса айтты.
Өзгелердің жаңалығы