Все новости за 5 желтоқсан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Министрдің кеңесшісі Мирас Мұқаш жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған Мирас Мұқаш "Қазақстан" Республикалық телерадиокешені" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "AQTÓBE" телеарнасының директоры болып тағайындалды.
-
Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден әлем кубогі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 желтоқсанда елордада конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңі басталады. Нұр-Сұлтанға әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді.
-
Жамбыл облысында тұрғын үй кезегінде жоқ адамдар баспаналы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл кезектегілердің тізімін тексеру кезінде 2017-2018 жылғы кезек тізімінде жоқ адамдардың пәтер алғаны белгілі болды.
-
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық президентімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.
-
Атырау мектептерінде STEM зертханалар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда өткен жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында Жастар жылы аясында аймақта атқарылған іс-шаралар баяндалды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Тоқаев Германия инвесторларына арнайы жеңілдіктер ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Германия канцлеріне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, Меркель ханымның екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
-
Жеңіс Қасымбек балалар арасындағы суицид проблемасына алаңдаушылық білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс Қасымбек жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері облыста 20 кәмелетке толмаған бала өмірін қимақшы болған, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Енді автокөліктің техникалық байқауын онлайн тексеруге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онлайн тексеруге арналған қосымша арқылы автокөліктің техникалық байқауын үйден шықпай тексеруге болады.
-
Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасы жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
-
Асанәлі Әшімов: Соңғы кезде сахнада белгілі бір образ қалыптастырған актер шыққан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы көркемдік кеңестің отырысы өтті.
-
ҰҚК жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті өңірде жарылғыш заттарды ұрлаумен және оны заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.
-
Пара алған көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне 26 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы "пара алды" деп айыпталды.
-
Павлодар облысында 6 тонна сұлы жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Богодаровка ауылында Школьная көшесінде өрт шықты.
-
Оқушы банк клиенттеріне қолайлы мобильдік қосымша әзірлеп шығарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 "М" сынып оқушысы Любовь Дудченко "Baiterek hackathon - 2019" инновациялық жобалардың республикалық байқауында "Үздік IT-жоба" номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
-
Қандай құс 2020 жылдың символы болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы жаңа жылдың символы болатын құс таңдалды.
-
Кубада қазақ күресі секциясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубалық ауыр салмақтағы дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, "Әлем Барысы" Рене Брайсон Видал Кубада қазақ күресі секциясын ашып, желтоқсанның 15-16 күндері Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына өз командасымен келеді.
-
Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға баса мән берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы өз мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шараның биылғы тақырыбы "Қоғамдастықтың шешуші рөлі" деп аталды.
-
Тоқаев Ангела Меркельмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
-
Ақтөбеде 7 азаматты алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік алаяқ әйел қала тұрғындарына "көмек көрсетем" деген желеумен ірі көлемде ақша алып отырған.
-
Гимнаст қыз өнер көрсетіп жатқан кезде 8 метр биіктіктен құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік гимнаст қыз Евгения Асонова Рига қаласындағы Second International Air Athletics Championship чемпионаты кезінде 8 метр биіктіктен құлап түсті.
-
"Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі" жарық көрді
Сиясы кеппеген cөздіктің ерекшелігі − мұнда қазақ тіліне араб-парсы, моңғол, орыс және ағылшын тілдерінен әр дәуірде енген сөздер қамтылды.
-
Жезқазғанда ішек инфекциясынан 8 жасар қыз көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен 8 жасар қыз көз жұмды.
-
Елордада киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7-8 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді.
-
Экологтар Каспий итбалығының өліміне қатысты тағы дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі экологтардың қорытынды жиынында Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанова Каспий теңізіндегі итбалықтарды аман алып қалу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
-
Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
-
Сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдікті анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баланы қоқыс жәшігінде қалдырған күдіктіні Қостанай полициясы анықтады.
-
Алматыда педиатрия саласына арналған конференция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де "Дені сау бала – ұлт болашағы", "Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе" тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
-
Мас жүргізуші қағып кеткен бала есін жиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен 14 жастағы баланың жағдайы туралы айтты.
-
Үндістаннан шыққан кедей иммигрант Google-ды басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясындағы қызметтерінен кетіп, компанияны Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқаратыны белгілі болды, деп жазады 7kun.kz. Оның бұрынғы лауазымы да сақталады.
-
Шетелдік кардиологтар Алматыда шеберлік сағатын өткізді
Алматы, BAQ.KZ. University Heart Center (Австрия) профессоры Кристиан Волман КІАҒЗИ әріптестерімен еліміздің және Өзбекстанның интервенциялық кардиологтарына шеберлік сағатын өткізді.
-
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Мамин Түркістан облысында тоқыма және азық-түлік өнімдері өндірісін ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды.
-
Ұрылар жылқыны мүшелеп жатқан жерінен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған дерек Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. Түрген ауылының маңындағы автожолдарды түнде патрульдеу барысында полицейлер жылқыны сойып, мүшелеп жатқан екі ер адамды ұстады. Жылқының ауылдан ұрланғаны анықталды.
-
Нұр-Сұлтанда экологиялық ұйымдар есеп беріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордада жыл сайынғы "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне кіретін 132 қоғамдық экологиялық ұйымдардың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр.
-
Атырау облысының шалғай ауылдарына интернет тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің 8 мыңдай тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
75 жыл сақталған хат. "Передайте моей жене"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабарына соғыс жылдары жазылған жауынгердің хаты келіп түсті.
-
Рәбиға Сыздық идеология қатаң кезде ғылыммен айналысқан – Ерден Қажыбек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Рәбиға Сыздық 1970-1980 жылдары идеология әлі қатаң, яғни түркітану, тіл тарихымен шұғылдануға болмайтын кезде Байтұрсыновтанудың, Абайтанудың негізін қалады.
-
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов барлық атағынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми түрде қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2008-2016 жылдар аралығындағы нәтижелерін жойды.
-
Академик Рәбиға Сыздықтың көптомдық шығармаларының тұсаукесері өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Түркия "Dil Kurumu" лингвистикалық академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың, I дәрежелі "Барыс" орденінің иегері Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық биыл 95 жасқа толып отыр.
-
Енді ғылыми жұмыстар тек Turnitin антиплагиат жүйесінде тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент Сенаты депутаттарының сауалынан кейін академиялық адалдық, плагиат мәселесі бойынша тиісті шешімдер қабылданып жатқанын айтты.
-
Кедергісіз ортаны қалыптастыруда кемшіліктер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізу мақсатында "Ақмола – адалдық алаңы" аймақтық жобалық кеңсесі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімі мамандары Ақмола өңірінің бірқатар ауданына барды.
-
Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды облысының аумағындағы автожолдарда 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам жарақаттанған. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Аймағамбетов мұғалімдер даярлайтын оқу орындарының сапасы сын көтермейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент Сенатының жалпы отырысында педагог кадрларын даярлау және кадр тапшылығы мәселесі туралы депутаттар сауалына ауызша жауап берді.
-
Балаларға Instagram-да аккаунт ашуға жас шектеуі қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді 13 жасқа толмағандар Instagram-да жеке аккаунт аша алмайды.
-
Төрт мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімнен өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов банкроттық рәсім мен оңалту сатысынан өтіп жатқан бизнес субъектілері туралы айтты.
-
Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан құлап кеткен. Оқиға орнында Бостандық аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
-
Әбіш Кекілбаев билікке интеллект әкелген тұлға – мәжілісмен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 6 желтоқсан – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туған күні. Егер тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді.
-
Нұр-Сұлтанда Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар" атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
-
Бақауов облыстағы өрт сөндіру жасақтарын қамтамасыз етуді тапсырды
2162 адамға 281 өрт сөндіруші қапшығы мен 752 дабыл ғана бар.
-
Танымал 50 қазақтың әңгіме-сұхбаты қамтылған кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 28 қарашасында "Отандастар" қорының бастамасымен әрі қолдауымен жарық көрген "Қазақ әлемі" (2 том қазақ тілінде) - "Мир казахов" (2 том орыс тілінде) кітаптары жобасының тұсаукесері өтті.
-
Қазақстан мен Түркия әскерилері өзара білім алмасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңын қабылдады.
-
"Қазақфильм" кастинг жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киностудия Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильміне кастинг жариялады, деп хабарлады Қазақфильмнің сайты.
-
Өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы ауыр – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.
-
Қазақстандық әуежайларда жолаушылар ағынының өсімі байқалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының әуе тасымалдар бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялар ішкі бағыттар бойынша билеттің орташа құнын орта есеппен 12%-ға төмендетті.
-
Колония қызметкерлері тұрғындарды өрттен аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда колония қызметкерлері тұрғындарды өрттен аман алып қалды.
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
-
Польшада газ жарылып, тұрғын үй қирады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қирап қалған 3 қабатты ғимарат үйінділерінің арасынан екі адамның денесі табылды. Тағы 6 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
-
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Finlandia Open жарысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-8 желтоқсан аралығында Лохада (Финляндия) үстел теннисінен Finlandia Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% интернетпен қамтамасыз етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% таяу екі жылда интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр және қар жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" футбол командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңгеннен кейін Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орыны жоғарылады, деп хабарлайды vesti.kz.
-
Нұр-Сұлтан - Қарағанды жолында көлік қозғалысы шектелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан мен Қарағанды арасындағы жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті.
-
Қарағандыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын фронт-кеңсе ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында OPEN KARAGANDA фронт-кеңсесі ашылды. Мұнда мемлекеттік қызметтер бір терезе қағидаты бойынша көрсетіледі, деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
"Атырау жастар театры" халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Ллорет де Мар
қаласында өткен "Theatrical Talents" халықаралық фестивалінде "Атырау жастар
театры" бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік
коммуникациялар қызметі.
-
№1 А автобусының бағыты өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсаннан бастап №1 А автобусының бағыты өзгереді, деп хабарлайды Astana ЛРТ компаниясының баспасөз қызметі.
-
Бәрінің көргенін күте алмаймын: Головкин Криштиану Роналдумен түскен суретін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық боксшы Геннадий Головкин Италияның Турин қаласында "Ювентус" командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдумен кездесті.
-
Алматыда джиу-джитсу мен грэпплингтен жарыс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы "Алматы Арена" кешенінде бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен халықаралық жарыс өтеді.
-
Елордалықтар Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана Опера" сахнасында Социалистік Еңбек ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
-
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыға құжат тапсыру мерзімі шектелмеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтыла отырып, ХҚКО-да ажиотаж жасау қажет емес. Бұл жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Наверх