Алматы, BAQ.KZ. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де "Дені сау бала – ұлт болашағы", "Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе" тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
Шараға Ресей, Литва, Корея, Түрік елінің және тағы басқа шетелдік және отандық педиатр мамандары мен ғалымдары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, республиканың үздік педиатрлары мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысуда.Іс-шараның басты мақсаты - ҚР педиатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту. Конференцияда педиатрия ғылымы, білім беру мен практиканың интеграциясы, педиатрия саласындағы жетістіктер, педиатриялық қызметтің негізгі мәселелері талқыланып жатыр, - делінген хабарламада.Атап айтқанда, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін одан әрі төмендету мәселелері, диагностикалау және емдеудің жаңа тиімді технологияларын енгізу; алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмектің сапасын жақсарту, хирургиялық патологиясы бар балаларға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мен дамыту мәселесі талқылануда. Сондай-ақ педиатрия ғылымын дамыту және балалардың денсаулығын сақтау қызметінде инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің жоғары оқу орындарында сапалы педиатр кадрларын даярлау мәселесі де тыс қалмаған.
Аталған шараны С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Қазақстан "Педиатрлар Одағы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Шара аясында ел нарығындағы медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылған.
Оқи отырыңыз: