Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Finlandia Open жарысына қатысады

5 Желтоқсан 2019, 08:54
2014
Бөлісу:
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Finlandia Open жарысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-8 желтоқсан аралығында Лохада (Финляндия) үстел теннисінен Finlandia Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жарыс Кисакаллио спорт институтында ұйымдастырылмақ. Жарысқа әлемнің 25 елінен спортшылар қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан намысын Дастан және Айдос Кенжеғұловтар, Анастасия Лаврова, Анель Бахыт, Сарвиноз Миркадирова, Бекұлан Жамал, Ырысбек Артукметов, Ангелина Романовская, Бақдәулет Әкімәли, Вячеслав Захаров, Санжар Жұбанов, Алсу Сапарова, Искандер Харки қорғамақ.

 

Өзгелердің жаңалығы