Гимнаст қыз өнер көрсетіп жатқан кезде 8 метр биіктіктен құлап кетті

5 Желтоқсан 2019 2019, 17:56
11420
Бөлісу:
Гимнаст қыз өнер көрсетіп жатқан кезде 8 метр биіктіктен құлап кетті
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік гимнаст қыз Евгения Асонова Рига қаласындағы Second International Air Athletics Championship чемпионаты кезінде 8 метр биіктіктен құлап түсті. 

Оқыс оқиғаның видеосын спортшы қыздың тренері Елена Кустова өзінің YouTube-каналына салған.

Гимнаст қыздың тренерінің айтуынша, Асонова дұрыс орнатылмаған аспа ілгіштің кесірінен құлап кеткен. Спортшының құлаған сәті видеоға түсіп қалған.


Тренер спортшының екі омыртқасының сынғанын және жұлыны зақымдалғандықтан аяғын сезбей қалғанын айтты. Асонова өзбетінше қозғала алмайды. Оны реабилитациядан өткізу үшін аптасына 80 мың рубль қажет көрінеді.

annotatsiya_2019_12_05_154521_bElVe.jpg

Кустова оқыс оқиғаның болғанына жарыс ұйымдастырушыларын айыптады. Асонованың тренері спортшы қыздың жарақатына жауапты болса да, оның реабилитациядан өтуіне ақша төлеуден бас тартты.

annotatsiya_2019_12_05_154623_W1Q0ecR.jpg

Оның нөмірінде ешқандай қауіпті трюктер болмады. Женя барлық бағдарламаны орындады, алайда соңғы элементті орындау барысында қосарланған мата сырғып, снаряд жұлынып кетіп, спортшы қыз снарядпен бірге матқа құлап түсті. Жарыс алаңында жедел жәрдем бригадасы болмаған. Ал сол жердегі медбике еш көмек көрсете алмаған. Бізге жеде жәрдем тез келді. Женяға шұғыл түрде операция жасалды, - деп жазды қыздың тренері Елена Кустова Вконтакте желісінде.
Ресейдің тергеу комитеті аталған факті бойынша тексеріс жүргізеді.
Өзгелердің жаңалығы