Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% интернетпен қамтамасыз етіледі

5 Желтоқсан 2019, 08:34
7671
Бөлісу:
Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% интернетпен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% таяу екі жылда интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірінші кезекте дүниежүзілік желіге мектептер, ауруханалар және басқа да мемлекеттік мекемелер қосылады.

Келесі жылдың өзінде "Қазақтелеком" компаниясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша 250-ден астам адам тұратын облыс ауылдарына талшықты-оптикалық беру желілерін салуды бастайды. Ең алдымен интернет мемлекеттік мекемелерде: мектептерде, ауруханаларда, әкімдіктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және т.б. пайда болады.

Осы ауылдардың, сондай-ақ маңайдағы ұсақ кенттердің тұрғындары да интернетті пайдалана алады. Олар үшін максималды қамту аймағында секундына 20-30 мегабитке дейінгі жылдамдықпен 4G желілері қолжетімді болады. Модемдерді сатып алу қажет, - деп түсіндірді "Қазақтелеком" АҚ Қарағанды аймақтық магистральді желі учаскесінің техникалық директоры Игорь Лялин.

Қазір өңірде ауыл тұрғындарының 44%-ы жылдам интернетті пайдалана алады. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 90%-ға дейін өседі. 

Өзгелердің жаңалығы