Жеңіс Қасымбек балалар арасындағы суицид проблемасына алаңдаушылық білдірді

5 Желтоқсан 2019, 21:31
8765
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек балалар арасындағы суицид проблемасына алаңдаушылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс Қасымбек жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері облыста 20 кәмелетке толмаған бала өмірін қимақшы болған, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Неліктен? Сіздер себептерін түсінесіздер ме? Осы балалар өсіп келе жатқан отбасылардың әлеуметтік портретін құрасыздар ма? Мүмкін, статистика сандарында біз қандай да бір нәрселерді байқамаймыз ба?,- деді Жеңіс Қасымбек.

Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, 70% жағдайда суицидтің себебі белгісіз болып қалады - жасөспірімдер өздеріне қол жұмсар алдында ешқандай жазба қалдырмайды, достары мен туысқандары ешқандай көзге көрінетін негіздерді де атай алмайды.

"Мир добра" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Татьяна Абрамова осы есеп бойынша өз бақылауларымен бөлісті.

Барлығы әрдайым отбасынан басталады. Көбінесе, осындай қиын қадамға үйде оларды жақсы көретінін сезінбейтін балалар барады. Біз әрқашан ата-анамен сөйлесіп, "мен сені жақсы көремін" деп айту қаншалықты маңызды екенін еске саламыз, тіпті егер отбасында бәрі жақсы болса да, ата-ана мұны айтпай-ақ та анық деп есептесе де. Жасөспірім үшін бұл мүмкін емес. Егер отбасында қандай да бір проблемалар болса, олар біздің сенім телефонына жиі хабарласады. "Анам әкеммен ұрысып, айқайлайды. Терезеден секіріп кетсем бе екен?" деп сұрайды. Сонда баламен психолог сөйлесе бастайды, бұл әңгімелер ұзаққа созылады, - дейді ол.

Сондай-ақ, Есенғазы Иманғалиев облыс бойынша мектептерде психологтар мен әлеуметтік педагогтар жұмыс істейтінін атап өтті. Олар алаңдаушылық деңгейін анықтауға, суицидтік ойлардың бар-жоғын анықтауға тест жүргізеді, егер сауалнамалардың нәтижелері қауіп туындатса, балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелеседі. Облыстың 259 білім беру мекемесінде интернетте белсенділікті бақылаудың арнайы бағдарламасы орнатылған. Оның арқасында педагогтар әлеуетті зиянды контенті бар 760-тан астам сайтты анықтай алды. Қазір олардың барлығы бұғатталған.

Әкімнің орынбасары Абзал Нүкенов мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Ол дәрістер, тренингтер мен семинарлар курсын әзірлеуді ұсынды, оның қорытындысы бойынша мамандар суицидтік бейімділіктері бар жасөспірімдерді тиімді бөле алады. Сондай-ақ, жиында аула клубтарын, спорт секцияларын және үйірмелерді танымал ету идеясы айтылды. Қазір Қарағандыда 39 аула клубы жұмыс істейді, үш мәдениет үйінің жанында тегін үйірмелер ашылды. Қалалық бюджет есебінен "аула футболының лигасы", "аула баскетболының лигасы" және "Біз шахматты таңдаймыз" бағдарламалары жұмыс істейді. Бұл секцияларға негізінен аз қамтылған отбасылардың балалары мен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер қатысады.

Бұл саладағы мәселе өте көп және олардың барлығы өте маңызды. Біз барлығымыз ата-анамыз. Қайғы-қасірет біздің балаларымыздың басына төніп тұр – олардың барлығында өз проблемалары бар, біз оларды естуді үйренуіміз керек. Жасөспірімдік суицидтің алдын алу бойынша кең көлемді құжатты әзірлеу және қабылдау, одан кейін оның шеңберінде әрекет ету қажет. Осы жылдың соңына дейін қажетті шаралар әзірлеп, алдын ала іс-қимыл жоспарын жасауды тапсырамын, - деді облыс әкімі. 

Өзгелердің жаңалығы