ҰҚК жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады

5 Желтоқсан 2019, 20:40
4701
Бөлісу:
ҰҚК жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті өңірде жарылғыш заттарды ұрлаумен және оны заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

2019 жылғы 20 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аммонит шашкалары мен капсюль-тұтандырғыштарды өткізу кезінде қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды.

2.jpg

Көпкезеңді жедел зерттеу барысында, 2019 жылғы қазан-қарашада осы қылмыстық топқа қатысушылардан 809 аммонит шашкасы және жалпы салмағы 200 кг артық аммониті бар 2 пакет, сондай-ақ 442 капсюль-тұтандырғыш алынды, - делінген хабарламада.

3.jpg

Ұсталған адамдар Көкшетау қаласы Ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы