5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

5 Желтоқсан 2019, 08:23
2144
Бөлісу:
5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр және қар жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысы антициклон ықпалында болғандықтан, күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.




Өзгелердің жаңалығы