Қарағандыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын фронт-кеңсе ашылды

5 Желтоқсан 2019, 06:35
5396
Бөлісу:
Қарағандыда мемлекеттік қызметтерді ұсынатын фронт-кеңсе ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында OPEN KARAGANDA фронт-кеңсесі ашылды. Мұнда мемлекеттік қызметтер бір терезе қағидаты бойынша көрсетіледі, деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер жүргізетін және азаматтарды қабылдауға арналған мөлдір бөлме жабдықталды. Мұндай жұмыс форматы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Фронт-кеңседе қала әкімі аппараты кеңсесінің, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік активтер мен сатып алулар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары жұмыс істейді. Азаматтарға бір жерде қажетті кеңестер алуға және құжаттар топтамасын беруге болады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, нақты уақыт режимінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалған.

Open space форматындағы залда қала әкімі мен оның орынбасарлары жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді.

Сондай-ақ, қарағандылықтар фронт-кеңсеге өз шағымдары мен ұсыныстарымен жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы