Атырау облысының шалғай ауылдарына интернет тартылады

5 Желтоқсан 2019, 14:24
5014
Бөлісу:
Атырау облысының шалғай ауылдарына интернет тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің 8 мыңдай тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бүгінгі күні облыстың шалғай елді-мекендерін дамытуға ерекше маңыз берілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Қазіргі уақытта, Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан Азғыр ауылына жалпы ұзындығы 377 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылды. Сонымен бірге, шекара маңына жақын орналасқан кейбір елді-мекендер электрқуатын Ресейден алып отыруы себепті, жаңа электр желілерін жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жақын арада интернет желісі жүргізілетін болады. 
Оптикалық-талшықты желі Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданынан тартылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 185 шақырым. Интернетке қолжетімділік жылдамдығы секундына 8 мегабитке дейін жететін болады. Жыл соңына дейін интернетпен 5 елді-мекен толықтай қамтылады. Бұл орайда, жалпы жұмыс ауқымы екі кезеңге бөлінгенін атап өту керек. Жоба толықтай 2020 жылдың наурыз айында аяқталады, - деді Нұрлан Мақұлов.
Цифрландыру енгізілуінің арқасында 10 елді-мекендегі өмір деңгейі айтарлықтай жоғарылап, ал әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік арта түспек. Атырау жергілікті желілер техникалық торабының директоры Нұрлан Мақұловтың айтуынша, қазіргі уақытта аталған бағытта 160 шақырым оптикалық-талшықты кабель тартылды.





Өзгелердің жаңалығы