Все новости за 6 наурыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астанада автобус жүргізушісі өртті сөндірді
Астана, BAQ.KZ. Астанада №7 автопарктің жүргізушісі Жанбек Бескенпіров жеңіл автокөлік қозғалтқышы жануының алдын алды. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясы хабарлады.
-
Қарағанды облысындағы өндіріс орындарында 29 мыңнан астам әйел еңбек етуде
Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ірі,орта және шағын кәсіпорындарда 29 278 әйел жұмыс істейді. Солардың бірі, көп жылдан бері ірі өндіріс орнын басқарып жүрген– Мақсат Мұратбекова. Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облысына қарасты Қалқаман жол бойы машиналары зауытында инженер-инструктор, аға инженер-технолог ретінде бастаған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Ақтөбеде жекпе-жек спортшылары қаржылай қолдауға ие болады
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде Жауынгерлік өнер қауымдастығы аккредитациядан өткен 20 жекпе-жек федерациясын біріктіреді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Тәртіп сақшылары аналар мен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Астана, BAQ.KZ. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығындағы» аналар мен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
-
«Абай Аренаның» нақты іске қосылатын мерзімі айтылды
Астана, BAQ.KZ. Семейдегі Қарағайлы ауданында 5 мың орынға арналған мәдени-спорттық кешен «Абай Аренаның» құрылыс жұмысы күн жылына келе тіптен жандана түсті. Жұмыс кестесі бөгеліссіз атқарылуда. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, нысан үш блоктан тұрады. Бірніші блоктың жұмысы аяқталып та қалды, енді тек әрлеу жағы жүруде. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Түркістан облысының әкімі аналарды төл мерекесімен құттықтады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандылар қауымын құттықтады. Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шараға тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар төрден орын алды. Облыс басшысы өңір дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарымызға өз алғысын білдірді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Бүгін «Nur Otan Trends» пікірталас алаңында жаңа бағдарлама талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті отырысында партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы талқыланды. Іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аталған құжаттың әлеуметтік сипатқа ие екенін және қазақстандық қоғамның өтініштеріне лайықталғанын атап өтті.
-
Павлодарлық оқушы мұз сүңгіден зардап шекті
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында 16 жастағы оқушының үстіне мүз сүңгі құлап, ауруханаға жеткізілді.
-
8 Наурыз қарсаңында аналар кеңес ала алады
Астана, BAQ.KZ. Ашық есік күні әйелдер дәрігерлермен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Қызылордада «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі өтті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда қаласында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Fashion show» қазақ әйелдерінің ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды.
-
Жамбыл облысында ҚХР-дан Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында ұзақ уақыт бойы қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан адамдар тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Ақтөбеде көпбалалы аналар үшін коворкинг орталығы ашылады
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы активінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының XVIII съезде айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары талқыланды.
-
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
-
Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың ескерткіші ашылды
Атырау, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы Алмагүл ықшам ауданында Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбу Сәрсенбаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
-
Кәмелетке толмағандар арасында екі күнде 85 құқық бұзушылық тіркелді
Тараз, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандар арасында екі күнде 85 құқық бұзушылық анықталды. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев бірнеше заңға қол қойды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
-
Әуелі депутаттар мүліктерін жария етеді – Қаржы министрлігі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьяялардың кірістері туралы ақпарат ашық болады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.
-
Алматыда жаңа көшелер салынады
Астана, BAQ.KZ. Алматы әкімі алдағы кезде қала көшелері мен тротуарларды жөндеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Биылғы жылы ұзындығы 111 км болатын 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге қаланың 10 ықшам аудандарында ұзындығы 100 шақырымнан асатын жаңа көшелер салынады.
-
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы #Салауаттыүзіліс челленджін бастайды
Астана, BAQ.KZ. Тұрақты отыратын жұмыс көз көрудің нашарлауына және ми қан айналымының бұзылуына, артық салмақтың пайда болуына, омыртқа мен ішкі органдардың проблемаларына, қабыну процестерінің дамуына, инсулин түзілуінің бұзылуына және т.б. әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, жұмыста үзіліс жасап, тым болмаса 5 минуттан қозғалу маңызды. Күні бойы қозғалыс жетіспеушілігін жұмыс орнында да, әртүрлі кеңестер барысында да ұжымдық жаттығу жасай отырып толтыруға болады.
-
Бақыттың кілті – «Берік отбасында»
Тараз, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар мен олардың жасөспірім-балаларының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» халықаралық жобасы енгізілуде.
-
Түркістанда аналарды мерекемен құттықтады
Астана, BAQ. KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандылар қауымын құттықтады. Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шараға тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар төрден орын алды. Облыс басшысы өңір дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарға алғысын білдірді.
-
Вице-министр: Мүлікті декларациялаудан қорқудың қажеті жоқ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.
-
Мәскеуліктер "Ұлы Даланың" сырларымен танысты
Астана. BAQ.KZ. Мәскеудің орталығындағы Ресей заманауи тарихы мемлекеттік орталық музейінде "Ұлы даланың алтыны" атты тарихи көрме ашылды.
-
Аида Балаева елімізде атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алатынын түсіндірді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары көбейеді. Өйткені биыл осы жәрдемақыны тағайындау кезінде есепке алынатын кедейшілік шегі ұлғайтылды. Осы және өзге де өзгерістер туралы ҚР президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Аида Балаева Sputnik Қазақстан агенттігіне егжей-тегжейлі баяндап берді.
-
Павлодарда пәтерде жарылыс болды
Павлодар BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы бұрынғы жатақхананың бірінші қабатында жарылыс болды. Жарылыс газ баллонынан емес екені белгілі. Мамандардың айтуынша, өрт сегіз шаршы метрді шараыған.
-
Депутат инклюзивті білім беру саласындағы проблемаларды көтерді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан инклюзивті білім беру саласындағы проблемаларды көтерді.
-
Алматы облысының тұрғындары суды пайдалану үшін 400 млн теңге артық төлеген
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысының 220 мың су тұтынушыларына артық төленген 400 млн теңге коммуналдық төлемдері қайтарылады. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты хабарлады.
-
Ақтөбе облысында екі басты бұзау туылды
Алматы, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Ресеймен шектесетін Әйтекеби ауданына қарасты Комсомол ауылында екі басты бұзау туылды, деп жазды "Мой ГОРОД" басылымы.
-
Мобильді вирустық шабуыл саны бойынша Қазақстан әлемде екінші орында
Алматы, BAQ.KZ. «Касперский зертханасы» мобильді вирустардың таралуы бойынша 2018 жылдың қорытынды есебін жариялады. Есепке сәйкес, қазақстандық мобильді қолданушыларға вирустық шабуыл көп жасалған, әлем бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.
-
Астанада Қазақстан мен Мысыр бизнесмендерінің форумы өтті
Астана, BAQ.KZ. Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Ахмед Таха Борайе бастаған бизнес-делегация Қазақстанға жұмыс сапармен келді. Мысыр тарапы Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда және еліміздің бизнес және іскер топтарының өкілдерімен кездес
-
Жер кадастры бойынша мәліметтердің дәлдігін ұшқышсыз ұшу аппараттары тексереді
Астана, BAQ.KZ. Бүгінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрін көрсетеді. Енді жер кадастры бойынша мәліметтер неғұрлым дәл болу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатын болады.
-
Президент көпбалалы отбасылар сәуірден қалмай әлеуметтік көмек алуы қажет екенін айтты
Астана, BAQ.KZ. Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Астанада Халықаралық аналар күні қайда баруға болады
Астана, BAQ.KZ. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық мәдениет мекемелері түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын дайындады. Әр түрлі талғамда ұйымдастырылатын шаралар әйелдер үшін жақсы сый болмақ.
-
Дели-Алматы бағытында рейс ашылады
Астана, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті шет елдермен әуе қатынасын кеңейту және шетелдік әуе компанияларын елімізге тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
-
Қарағандыда автобус жүргізушілері бірыңғай форма киетін болды
Астана. BAQ.KZ. Қарағандыда енді қоғамдық көлік жүргізушілері бірыңғай жұмыс киімін киетін болады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.
-
2020 жылдан бастап кірісті жасыру мүмкін болмай қалады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанның 13 миллионға жуық тұрғыны табыс пен мүлік бойынша жыл сайын декларация өткізетін болады. Бұл туралы Республикалық Кәсіпкерлерге Көмек Орталығының директоры Дмитрий Казанцев Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
-
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының екі заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.
-
Қостанай облысындағы моноқалаларды дамытуға 10 млрд теңге беріледі
Қостанай, BAQ.KZ. Аймақтарда «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті.
-
Түймебаев көпбалалы аналармен кездесті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚХА этномәдени бірлестіктерінің көпбалалы аналарымен кездесті.
-
Браконьерлер мемлекетке 25 млн теңгеден астам шығын келтірді
Алматы облысы, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының Табиғат қорғау полициясы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, браконьерліктің екі дерегін анықтады.
-
Алғашқы "Жас кәсіпкер" жобасы іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" ҰКП-ның қолдауымен елімізде жас кәсіпкерлерге арналған республикалық жоба өз жұмысын бастды.
-
700 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 672 мың адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлімдеді.
-
Елімізде бір жылда 300 адам жұмыс орнында қаза табады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында болатын жазатайым оқиғалар туралы айтты.
-
Облыс әкімі қызылордалық аналарды мерекемен құттықтады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы белсенді нәзікжандылармен кездесті. Оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, істеріне табыс, отбасыларына береке тіледі.
-
Мереке күндері ауа райы қандай болады
Астана, BAQ.KZ. Еліміз бойынша ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, түнде және таңғы уақытта тұман болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
-
Қазақстан Қытайдан 2,062 млрд юань несие алады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі Қазақстанға 2,062 млрд қытай юанынан аспайтын сомада несие береді. Бүгін Мəжіліс сәйкес заң жобасын мақұлдады.
-
Назарбаевқа сыйлық үшін ақша жетпей қалды – Фируза Шәріпова
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова 24 наурызда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
-
"Наурыз Challengeге" қатыс!
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде "Наурыз Challenge" қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Депутаттар, кәсіпкерлер бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың пәтерлерін жөндеп береді, қамқорлық көрсетеді. Қайырымдылық акциясы аясында ақтөбелік І-топ мүгедегі Сымбат Нағметованың үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
-
Атырау облысында халықтың әлеуметтік осал тобына 29 үй сатып алынды
Астана, BAQ. KZ. 2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 92 қызметтік үй сатып алынды, деп хабарлады Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жазаланды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде көлікті масаң күйде басқарған мемлекеттік қызметкерлер жазаланды. Облыстың Темір және Қобда аудандарындағы ауыл шаруашылығы мен ветеринария салаларының қызметкерлері облыстық әдеп кеңесіне келді.
-
Бір жылда қазақстандық бағбандар 24 миллионға жуық гүл өсірді
Астана, BAQ.KZ. Еліміздің басты гүлзарлары Павлодар және Ақмола облысында тұрады екен. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады.
-
Моңғолияда қазақ күресінен ел чемпионаты өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында 9 наурыз күні Қазақ күресінен Моңғолия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Бұл туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар хабарлады.
-
Дзюдодан жастар арасында жекелей чемпионат аяқталды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионаты аяқталды.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қарағандыдағы өлкетану мұражайында әйелдер орамалының көрмесі өтті
Астана, BAQ.KZ. 8-наурыз мерекесі қарсаңында өлкетану мұражайында "Әйел орамалының поэзиясы" шарасы өтті. Мұнда бас киімдер көрмесі, модельдер көрсетілімі және стилистерден шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды.
-
Мереке күндері «Астана LRT» кассалары қалай жұмыс істейді
Астана, BAQ.KZ. Тасымалдаушы компанияда мамандандырылған кассалардың жұмыс кестесінің 8 және 22 Наурызда қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Түсінбей жүрген бір сөз туралы
Біреулер бұл мақалды жұмбақ деп жүр екен.
-
Ұнға жасырылған 6 тонна насыбай
Астана, BAQ.KZ. «Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты «Құрмангазы-авто» тексеріп-өткізу пінктінің шекара наряды көліктерді тексеру барысында заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды, деп жазады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
Киров зауыты өндiрiс көлемiн 5 есеге ұлғайтады
Астана, BAQ.KZ. Бұл жайында СҚО басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкiмдiгiнiң отырысында айтты, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Маңғыстауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде тойланады
Астана, BAQ.KZ. Бір аптадан соң ескі жыл санау бойынша Жаңа жылдың бастауы Амал айы кіреді. Еліміздің батысында дәстүрлі түрді тойланатын бұл мерекені маңғыстаулықтар биыл халықаралық деңгейде атап өтпек.
-
Премьер-министр Дүниежүзілік банк және ЕҚҚДБ өкілдерімен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің өңірлік директоры Агрис Прейманиспен және Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілі Ато Браунмен кездесулер өткізді.
-
Ислам Кәрімовтің үлкен қызы ұсталды
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Ташкентте ұсталды және қамауға алынды. Бұл туралы «Интерфакс» республиканың бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
6 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.
Наверх