Алғашқы "Жас кәсіпкер" жобасы іске қосылды

6 Наурыз 2019, 12:41
2927
Бөлісу:
Алғашқы "Жас кәсіпкер" жобасы іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Атамекен" ҰКП-ның қолдауымен елімізде жас кәсіпкерлерге арналған республикалық жоба өз жұмысын бастды.

Аталған жобаға өз ісін ашқысы келетін немесе бизнесін жетілдіргісі келетін 18-28 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жобаның бизнес тренері Гүлмира Мағжайованың айтуынша, Алматыда жастардың кәсіпкерлікке деген белсенділігі жоғары әрі сауда орталығы, сондықтан алдымен осы қалада өткізу шешімі қабылданған. 

"Басты мақсатымыз жастар арасында кәсіпкерлікті дамытқымыз келеді. Оның үстіне биыл Жастар жылы деп жарияланды. Сондықтан бұл жоба респубоикадағы барлық жастарды қамтиды, яғни еліміздің 160 ауданында іске асырылады. Жобаға қазір 48 адам қатысуда, олар он күн аясында бизнеске қатысты дәрістер тыңдап, соңында өздері жасаған бизнес жобаларын қорғайды",-дейді ол.

Жобаға қатысып, өз бизнес жобаларын сәтті қорғаған жастар 500 мың теңгелік грантты жобаларға қатыса алады екен.

"Бұл жастар Өнімді жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына да қатысуға және 6 млн-ға дейінгі несиені алуға мүмкіндіктері бар", - дейді Г. Мағжайова.

Аталған жобаға қатысып жатқандардың бірі Әйгерім Салқынбаева. Ол бұған дейін өзінің жеке сұлулық салонын ашқан, енді бизнесін жетілдіргісі келеді екен.

"Бұл өз кәсібін бастайын деп отырған жастар үшін өте пайдалы жоба әрі үлкен мүмкіндік. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, көп мағлұмат алудамыз. Курс біткен соң гранттық жобаға қатысамын. Өйткені салонымды Оқу орталығына айналдырғым келеді. Ол жерде жұмыссыз жүрген қыздарға сұлулық салонына қатысты білім бергім келеді", - дейді жас кәсіпкер.

Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы