Алматыда жаңа көшелер салынады

6 Наурыз 2019, 17:59
1498
Бөлісу:
Алматыда жаңа көшелер салынады

Астана, BAQ.KZ. Алматы әкімі алдағы кезде қала көшелері мен тротуарларды жөндеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Биылғы жылы ұзындығы 111 км болатын 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге қаланың 10 ықшам аудандарында ұзындығы 100 шақырымнан асатын жаңа көшелер салынады.

Мегаполис басшысы көктем шығысымен орталық даңғылдар мен аудандық мәні бар көшелердегі люктар мен оларға қатысты шағымдардың көп түскенін атап өтті.

«Қалалықтар күзде емес, жаздың өзінде жаңа жолдармен жүрулері тиіс, сондықтан орташа жөндеуден өтетін әр учаскенің жөнделу мерзімі, оларда жұмыс жасайтын адамдар мен техника алдын ала белгіленуі тиіс. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты ұзақ мерзімді келісімдер жасалды, яғни компаниялар заманауи техника алу мен сапаны қамтамасыз етуді инвестициялайды. Егер мердігер жұмысты белгіленген мерзімінде орындамаса айыппұл салынады. Аудандар әкімдері әр учаскені жеке өздері аралап, ғимараттардың сыртын ретке келтірулері, заңсыз салынған құрылыстарды сүрулері, түрлі қызметтердің жұмыстарын үйлестірулері тиіс», - деді Бауыржан Байбек.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев өзінің сөзінде ауа райы қолайлы болса магистральді көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 күн ішінде атқарылатынын айтты.

Аударылған люктарды қалпына келтіру үшін мердігер ұйымдар арнайы арнайы техникалар алуда. Бұған елімізде алғаш рет МЖӘ жобасы бойынша төрт компаниямен 4,5 жылға орларды жөндеуге қатысты жасалған келісім бойынша қолжетті.

Аталаған шара ұзақ мерзімде жолдарды жедел жөндеуге және ретке келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен, төрт жыл ішінде «Есік жолдары» ЖШС (Медеу және Түрксіб аудандары), «ДСУ-13» ЖШС (Бостандық және Алмалы аудандары), «Конфорс» ЖШС (Әуезов және Наурызбай аудандары), «РСУ» ЖШС (Алатау және Жетісу аудандары) жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Орташа жөндеу кезінде ескі бордюрлер, арық науалары, тіпті фрезерленген асфальт қалаға қосылған аудандардың көшелерінде пайдаланылады.

Алматыда басталған «Vision Zero» бағдарламасы бойынша орташа жөндеу жұмыстары барысында қауіпсіз инфрақұрылым жасалып, апаттың алды алынады, жаяу жүргінші жолдары абаттандырылады. Бұлардан өзге, адамдардың өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұрылыстардағы айналым радиустары қысқарады.

Бауыржан Байбек жұмыс кеңесі барысында жолдарды жөндеуге жауапты мемлекеттік органдардың және мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс нөмірлері жазылған арнайы стендтер орнатуды, аумақты когалдандыруды, бұрын жөнделіп, кепілді мерзімге қойылған жолдарды тексеруден өткізуді атап өтті.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы жылдары 600 көше мен 1400-ден астам ескі аулалар жаңарды. 300 км арық, 1000 км инженерлік желілер жөнделді. Қаланың барлық өтпелі жолдары қайта жасалды. Бұлардан өзге, Назарбаев даңғылы теміржол эстакадасы арқылы Жансүгіров көшесіне дейін және Хмельницкий көшесі Сүйінбай даңғылынан Жас Қанат ықшам ауданына дейін үңгіленді.

Өзгелердің жаңалығы