Кәмелетке толмағандар арасында екі күнде 85 құқық бұзушылық тіркелді

6 Наурыз 2019, 18:48
2269
Бөлісу:
Кәмелетке толмағандар арасында екі күнде 85 құқық бұзушылық тіркелді

Тараз, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандар арасында екі күнде 85 құқық бұзушылық анықталды. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 2-3 наурыз аралығында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің және облыстың қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің мобильді топтары көңіл көтеру орындарын, яғни, кафе-барлар, бильярд, компьютер клубтары және басқа да қоғамдық демалыс орындарын тексерді. Екі күн ішінде 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - деп жазылған хабарламада. 

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі, яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 51 факті тіркелген. 

«Рейдтік іс-шаралар барысында мас күйдегі кәмелетке толмаған азамат ұсталды. Сондай-ақ Тараз қаласының дүкендерінің бірінде алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзу фактісі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда», - деді баспасөз қызметінде.

Өзгелердің жаңалығы