700 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді

6 Наурыз 2019, 12:39
1347
Бөлісу:
700 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 672 мың адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлімдеді. 

2018 жылы жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан 1568 адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, оның 500 астамы қызметкерлердің кінәсінен болған.

«Жұмыс берушілерді бақылау шараларының нәтижесінде 5 мыңнан астам заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шықты. 402 млн теңге көлемінде 2 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды. 20 астам шағымдар қаралып, өндірістегі 1500 жуық жазатайым оқиғаларға байланысты арнайы тергеулер жүрізілді», - деді ол.

Ол кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылықтарда еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға байланысты алаңдаушылық барын айтты. 

«Жыл сайын құдықтардаағы жұмыс кезінде адамдар қаза болады. 2018 жылдың өзінде 45 адам зардап шегіп, оның жетеуі қаза болды. 672 мың немесе әрбір төртінші адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Аттестация нәтижесінде 672 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін өтемақы алды. Осы мақсатта 107 млрд теңге бөлінді», - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жыл сайын 300 адам жұмыс орнында көз жұматыны жайлыжазған болатынбыз.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы