Назарбаевқа сыйлық үшін ақша жетпей қалды – Фируза Шәріпова

6 Наурыз 2019, 12:02
3118
Бөлісу:
Назарбаевқа сыйлық үшін ақша жетпей қалды – Фируза Шәріпова

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова 24 наурызда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Біз Алматыда 24 наурызда өтетін бокс кешіне ресми хат жолдадық. Онда менің үшінші салмақ дәрежем бойынша WBO, IBF және IBО секілді әлем чемпионы титулдары үшін жекпе-жек өткізгім келді. Бірақ Suleimen Boxing Promotions осы шарадағы жекпе-жегімді қаржыландырғысы келмеді. Біз тіпті олардың компаниясының атынан шығуға да дайын болдық. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа WBO бойынша әлем чемпионы белбеуін сыйлағым келді. Оны әлі ешкім елімізде сыйламады. Осы айда жасай алмағаным өкінішті. Қазақстанда мұндай шара үшін 150-200 мың доллар жұмсайтын кәсіпкер болмағаныма сонда? Мен жанкүйерлеріме жақсы көңіл-күй сыйлау үшін және қазақстандықтарға нағыз мереке сыйлау үшін гонорарсыз бокстасуға да дайынмын. Қалай қаржы табылады, сол уақытта мен ең маңызды титулдарды аламын", - деп жазды боксшы.

Бұған дейін Фируза Шәріпова Алматыдағы бокс кешіне қатысқысы келетіні туралы хабарлаған болатын. Қазір онда екі салмақ дәрежесі бойынша екі чемпиондық титул бар.

Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы