6 наурызға арналған ауа райы болжамы

6 Наурыз 2019, 08:15
2609
Бөлісу:
6 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерде 30 м/с және одан жоғары күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел 15 м/с күтіледі. 

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы