Жаңалықтар
-
-
Депутат ауыл тұрғындары көтерген мәселе туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Қазақпарат» ХАА-ның баспасөз орталығында Президенттің биылғы халыққа Жолдауы талқыланды. Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская ауылдарды аралағанда тұрғындар көтерген мәселелер туралы айтты.
03.09.2021
-
Алматыда тамыз айында 46 мыңнан астам адам вирус жұқтырған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тамыз айында 46,9 мың адамнан коронавирус анықталды. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқынының төмендеп, жағдайдың тұрақтанғаны байқалды. Бұл туралы алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
03.09.2021
-
Қазақстанға атом станциясы қажет – Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС керек екенін айтты.
03.09.2021
-
Қарулы Күштерде әскерлерді қауырт тексеру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ 2020 жылғы қарашада Қорғаныс министрлігінің алқасында белгіленген тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл бойынша көтерілді.
03.09.2021
-
Айдос Сарым: «Бэби-бум» мемлекетке жаңа міндеттер жүктеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сараптамалық талдау алаңында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым айтты. Сондай-ақ белгілі саясаттанушы Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды алға тартты.
03.09.2021
-
Қазақстан транзиті өзінің экономикалық тұрғыдан тартымдылығы мен сенімділігін дәлелдеді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті VI Шығыс экономикалық форумының пленарлық мәжілісіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
03.09.2021
-
Қазақстан GovTech цифрландырудың платформалық моделіне көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шығыс экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен СБЕР компаниялар тобының басшысы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және «Data-Driven Government» тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
03.09.2021
-
Арыста инвестор 150 орындық мектептің құрылысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып беретін болды.
03.09.2021
-
Вакцина салдырған елордалықтар арасында екі бөлмелі пәтер ойнату жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Пірімқұлов айтты. Ол елордалықтардың өтініші ескеріліп, вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзартылды деп отыр.
03.09.2021
-
COVID-19. Молдова індет жұқтырғандар саны көбейсе «қызыл код» енгізуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер Молдавада коронавирустың таралу қарқыны арта беретін болса, онда елде «қызыл код» енгізуге тура келеді. Бұл туралы Ұлттық вакцинациялау науқанының үйлестірушісі Нинель Ревенко TVR Moldova телеарнасында мәлім етті.
03.09.2021
-
Алматы – Семей бағытындағы санитарлық рейстің қозғалтқышы істен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы- Семей бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайтып келді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
03.09.2021
-
Алматыда алаяқ ұялы телефон сатушыларын 30 млн теңгеге алдап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әйел ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
03.09.2021
-
Елордада коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 3 түрі бар.
03.09.2021
-
Енді елімізде Ұлттық ЖОО-да вирусолог мамандар даярланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
03.09.2021
-
407 мың елордалық коронавирусқа қарсы вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты. КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің арасында колледждердің 3-4 курс студенттері мен жоғары оқу орындарының студенттері көп көрінеді.
03.09.2021
-
Садақ атудан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.
03.09.2021
-
Черногорияда 1732 адам коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Черногория ауруханаларында COVID-19-дан 368 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы regnum.ru хабарлады.
03.09.2021
-
Алматыда қаңғыбас жануарлар неге көбейіп кетті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Kare-Забота» ҚҚ президенті Юлия Коваленко брифинг барысында қалада қаңғыбас жауарлардың неліктен көбейіп кеткенін түсіндірді.
03.09.2021
-
Елордада күніне 150-ге жуық адам қан тапсырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы республикалық Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына күніне орташа есеппен 150-дей адам қан тапсыруға келеді.
03.09.2021
-
COVID-19: Елордадағы инфекциялық стационарларда қанша науқас жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, елордадағы инфекциялық стационарлардың жүктемесі 41%-ды құрап отырған көрінеді.
03.09.2021
Наверх