Алматыда шектеу шаралары жеңілдетілді

18 Наурыз 2022, 12:06
1093
Бөлісу:
Алматыда шектеу шаралары жеңілдетілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мен елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов ӨКҚ алаңында өткен брифингте айты.

Оның айтуынша, әрбір бизнес субъектісі «Ashyq» қосымшасын қолдану туралы шешімді өзі қабылдауға құқылы. Сонымен қатар, бизнес субъектілері қызметкерлер мен келушілер арасында «жасыл» мәртебе туралы талапты ерікті түрде енгізе алады.

Ashyq жобасының қатысушылары «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде – өз қызметін уақыт бойынша шектеусіз, бірақ объектілердің толымдылығы бойынша шектеулермен жүзеге асырады. Ал, маска тағу режимі әлі де сақталады. Әсіресе жабық нысандар мен қоғамдық көлікте маска тағу міндетті, сондықтан бұл талапты сақтау қажеті,-деді Қошмамбетов.

Сондай-ақ бас санитар дәрігердің қаулысымен келесі шектеулер алынып тасталды:

- КВИ-ге қарсы вакцина алмаған түнгі ауысымда жұмыс істейтін жұмысшыларға қойлыған шектеулер;

- Вахталық режимде жұмыс істейтін жұмысшылардың келіп, кетуіне міндеттелген ПТР тестілеу алынып тасталды.

«Қызыл» статусы бар және ПТР тестім ен коронавирус анықталған адамдар оқшаулау режимін қатаң сақтауы керек. Әйтпесе әкімшілік жауапқа тартылады. Ал, «қызыл» аймақта орналасқан өңірлер үшін Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қатайту жөнінде қосымша шаралар қабылдануы мүмкін,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы