Ресейде тауар тапшылығы болса Қазақстанға қалай әсер етеді? Министр жауап берді

18 Наурыз 2022, 11:00
1485
Бөлісу:
Ресейде тауар тапшылығы болса Қазақстанға қалай әсер етеді? Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Әлемдегі саяси ахуалға байланысты Еуразиялық Одақ елдерінде азық-түлік тапшылығы пайда болған жағдайда Қазақстан мұндай сценарийге дайын ба?

Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді.

Ауыл шаруашылық тауарына қарайтын болсақ, өз-өзімізді қамтитын деңгейіміз жоғары. Тек қантты 40-50 пайыз өзімізді қамтып отырмыз. Бұл мәселе бойынша нақты жоспарымыз бар. 2025 жылдың аяғына дейін өз-өзімізді тауармен қамтуды 80 пайызға көтеру мақсаты бар. Маңызды тауарларды алар болсақ, шұжық және балық еті, алма тағы да бірнеше тауарларды 100 пайыз жеткізіп отырмыз. Сол себепті алаңдаудың себебі жоқ. Қазақстан ет пен сүтті алсақта қажеттілік көлемді өз күшімізбен өндіреміз, -деп түсіндірді ол Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ министр Ресейдің бидай экспортын тоқтатуы елімізге қалай әсер ететінін айтты.

Ресей бидай өнімі мен қантты тоқтатқан жоқ. Еуразиялық Одақтың және Ресейдің ауыл шаруашылығы министрінің рұқсатымен экспортты іске асыруға болады. Қазір келісім үстіндеміз, -деді Ербол Шырақпайұлы. 

Өзгелердің жаңалығы