Тоқаев: Наурыз мейрамы – тарихы терең төл мерекеміз

18 Наурыз 2022, 11:05
2903
Бөлісу:
Тоқаев: Наурыз мейрамы – тарихы терең төл мерекеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Наурыз мейрамына орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі кезінде айтты.

Қадірлі қауым, ардақты ағайын! Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - тарихы терең төл мерекеміз. Әз-Наурыз табиғаттың түлеп, тіршілікке нәр беріп, жаңару мен жаңғыртуға үндейді, - деді Президент.

Тоқаев кеше ғана халыққа Жолдауын жариялағанын атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды» құруға жол ашатын бастамаларды ұсындым. Мұның бәрі елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың жалғасы. Біздің мақсатымыз – әділ қоғам құру, сонымен қатар халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Ең бастысы қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанымызды мықты мемлекетке айналдыру, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы