Алматыда су басудың 15 фактісі тіркелді - ТЖД

18 Наурыз 2022, 12:24
1689
Бөлісу:
Алматыда су басудың 15 фактісі тіркелді - ТЖД

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы су басу ахуалының  алдын алу үшін аудан әкімдіктері, мердігерлік ұйымдардың күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді және 13 700 дана  инертті материалдар дайындалды.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 18 наурыздағы 09.45 жағдай бойынша «112» желісіне жергілікті су басу бойынша 15 хабарлама келіп түскен.

Алатау ауданында – 4 жағдай , Жетісу ауданында – 5, Алмалы ауданында - 2, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында-бір шақыртудан болды. Барлық мекенжайларда мердігерлік ұйымдардың, аудандық ТЖ басқармаларының күштері мен құралдары жұмыс істеуде,-деді ТЖД-нің ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Наурыздың басынан бастап Алматы қаласында 87  мм жауын-шашын жауған, негізгі норма – 76 мм екен. Бұған дейін қала аумағындағы жауын-шашын жаңбыр түрінде өткен, оның барысында жергілікті су басудың 14 фактісі тіркеліп, барлық жағдайлар әкімдіктердің мердігерлік ұйымдарының және Алматы қаласы ТЖД күшімен жойылған.

Су басудың негізгі себебі арық желілерінің қатты тұрмыстық қоқыспен бітелуі және құбырлардың толып қалу болып табылды. Қазіргі уақытта мореналық көлдерде температура төмен, қар астында, еріген және көлдерге ағындар жоқ. Жалпы жағдай Алматы қаласы ТЖД бақылауында,-деді ол.

Қабылданған жедел шаралармен қазір әкімдіктің мердігерлік ұйымдарымен 3 бірлік техника, 2 мотопомпа және жеке құрамның 14 адамы Райымбек даңғылындағы 230 үйдің маңынан 35 текше  метр суды сорып алған. Қазіргі уақытта қауіп жойылып, жағдай тұрақтаныпты. Көше мониторингі жалғасуда.
 

Өзгелердің жаңалығы