Министр облыстарды құру жайлы: Жоспар жылдың бірінші жартысында аяқталады

18 Наурыз 2022, 11:24
1328
Бөлісу:
Министр облыстарды құру жайлы: Жоспар жылдың бірінші жартысында аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылатын үш облысқа бюджеттің қалай бөлінетінін айтты.


Президент бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін орындау үшін айқын тапсырма берді. Қазір ұйымдастыру шаралары жүріп жатыр. Әрекеттер алгоритмі пысықталды. Қайта құруға түсетін облыстардың өкілдері қазір Ұлттық экономика министрлігінде жүр. Олардың топтары біздің топтармен бірге жұмыс істеуде. Аумақтық бөлініс мәселесін шешіп жатырмыз. Бұл мәселе қосымша талқыланып, Президенттің тиісті Жарлығы әзірленеді. Негізгі ұйымдастыру жұмыстарын жылдың бірінші жартысына дейін аяқтау жоспарланып отыр, Жалпы алғанда, осы мерзімде Жарлықтардың жобасы әзірленіп, Президенттің шешімі шығарылады, - деді министр үкімет отырысынан кейін тілшілердің алдында.

Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда жаңа облыстарды құру үшін қажетті қаражат есептелуде.

Қажетті ақша көлемі қазір есептеліп жатыр. Оған қажетті резерв бар. Қазіргі бюджеттің көлеміне сыйғызуға тырысамыз. Бірақ керек болса, қосымша ақша бөлінеді. Өйткені жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер пайда болады. Әкімдіктер, аудандар құрылып, штаттар саны бекітіледі. Оның бәріне резервіміз бар. Орталықтың, нақты айтқанда Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, қажет болса республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлінеді, -  деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы