Тоқаев Отанымызды өркендетуге үлкен үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтты

18 Наурыз 2022, 12:10
1404
Бөлісу:
Тоқаев Отанымызды өркендетуге үлкен үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Наурыз мейрамына орай мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі кезінде айтты.

Қадірлі қауым! Баршаңызды жоғары мемлекеттік наградаларыңызбен құттықтаймын. Өздеріңізді марапаттай отырып, Отанымызды өркендетуге үлкен үлес қосып жүрген барша азаматқа тағы да алғыс айтамын. Бүгінде еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Біз дамудың келесі кезеңіне қадамды бастадық, - деп айтты Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанды» құруға кіріскенімізді атап өтті.

Бәріміз бірге осы жауапты жұмысты абыроймен атқарамыз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Тек қана аманшылықпен кездесе берейік, - деп сөзін түйіндеді ол.

Сөз соңында Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларды естелік суретке түсуге шақырды.

Ал енді рәсіміміз бойынша бәріміз суретке түссек. Естелік болсын! – деп айтты Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы