Алматыны су басу қаупі бар

18 Наурыз 2022, 11:55
1638
Бөлісу:
Алматыны су басу қаупі бар

Алматы, BAQ.KZ. Неше күннен бері толассыз жауған жаңбырдан қаланың кейбір бөлігіне су басу қаупі төніп тұр. Алматы қаласы Коммуналдық қызметінің 650-ге жуық маманы су басу қаупінің алдын алуға жұмылдырылған.

Коммуналдық қызметтің мәліметінше, 2022 жылдың 18 наурызында сағат 04:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады. Су басудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түнде мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылған.

Суды кедергісіз өткізу және сорып шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жалпы саны 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 2000 қап құм дайындалды. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 наурызда кейде қатты жаңбыр жауады, ол үзілістермен 20 наурызға дейін болжанады.  Ауа температурасы 3-тен 5 градусқа дейін өзгереді,-делінген хабарламада.

Айта кетсек, наурыздың басынан бері Алматыда жаңбырлы ауа райы сақталуда. Кеше елдің оңтүстігіндегі біраз елдімекенді су басқаны хабарланған.
 

Өзгелердің жаңалығы