Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты - Қазақстандағы бейбітшілікті нығайту, азаматтарды елдің ортақ мақсатына ортақтастыру, рухани құндылық пен жалпы ұлттық құндылықтың қалыптасуына әсер етуі тиіс. Осыған орай, Наурыз мерекесін тойлайтын жаңа тұжырымдамалық тәсіл әзірленді. Наурыз тату көршілік пен жергілікті қауымдастықтардың мерекесі. Бұл мейрамды отбасыларда мерекелейді оқшаулап, урбанистік жағдайларына бейімдеу ұсынылып отыр, - деді ол.
Дәуешев бұл мейрамды өскелең ұрпақты экологиялық сауатты ету мақсатында пайдалану қажет екенін айтты.
Осы кұні ел болып, жаппай ағаш отырғызу және ауланы тазарту бойынша «Таза табиғат» акциясы басталады. Республика бойынша әр отбасынан бір ағаш челленджін өткізу ұсынылады. Ағаш отырғызу ауа райына байланысты өткізіледі. Әр аймақ өз өңіріндегі ауа райына қарай ағаш отырығызады. Сондай-ақ «Наурыз мейірімі» мейірімділік акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Балаларға сыйлық қоржындарын тарату бойынша бастама ұсынылды. Олар мейрамды ерекше сезіну керек. Оларды қуантқан абзал, - деді вице-министр.