Қазақстандықтар шетелге ақшаны қай валютамен жиі жібереді?

18 Наурыз 2022, 13:31
1973
Бөлісу:
Қазақстандықтар шетелге ақшаны қай валютамен жиі жібереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жөнелтілген қаражат көлемі 45,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,3%-ға аз. 

Ranking.kz-тің хабарлауынша, былтырдың бірінші айында трансферттер көлемі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37,1%-ға өскенін көрсетті.

Транзакциялар саны үштен бірге, яғни 150 мыңнан 100,5 мыңға дейін қысқарды.

Осы жылдың қаңтарында шетелге аударымдардың негізгі валютасы АҚШ доллары болды: жалпы көлемнің 82,5%-ы, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 73,6%, ал 5 жыл бұрын небәрі 61,4% болған.

Рубльдегі аударымдардың үлесі жылдан жылға азайып келеді, 2022 жылғы қаңтарда ол небәрі 10,8%-ды құрады. Ұлттық валютаның аударымдардағы үлесі бір жылда 11,9%-дан 5,7%-ға, еуроның үлесі 1,2%-дан 1%-ға дейін төмендеді.

Елімізден шетелге ақша аудару жүйесі арқылы шетелге бір аударым бойынша орташа чек ұлттық валютада 142,7 мыңнан 140,6 мың теңгеге, Ресей рублінде – 59,8 мыңнан 50,9 мың рубльге, еурода – 1 218-ден 1 155 еуроға дейін төмендеді. Бұл ретте АҚШ долларындағы бір аударым бойынша орташа чек 1 165 доллардан 1 355 долларға дейін өсті.

Жіберілген қаражаттың жартысынан көбі тек үш елден келген: Түркия (10,4 млрд теңге), Өзбекстан (9,3 млрд теңге) және Қырғызстан (8,3 млрд теңге).

Ресейге де қомақты қаржы жөнелтілді: 7,2 млрд теңге, бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда айтарлықтай аз (ол кезде Ресей Федерациясы көш бастап тұрған).

Сонымен қатар ҚР-да қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге 10 мың АҚШ долларынан астам шектеу енгізілгендіктен, аударымдар одан да үлкен танымалдылыққа ие болуы мүмкін. Сондай-ақ алтын құймаларын, алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды және салмағы 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды сатып алуға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы