Ұшақ апаты: Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты

26 Қыркүйек 2020, 15:07
3017
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. 

Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, кеше Украинада әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақта Иван Кожедуб атындағы Харьков Ұлттық әуе күштері университетінің әскери ұшқыштары мен курсанттары болған. Жалпы ұшақ бортында 27 адам болған көрінеді: 20 курсант және экипаждың 7 мүшесі. Өкінішке қарай, оның 25 көз жұмды. 

Зеленский 26 қыркүйекті Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.


Өзгелердің жаңалығы