Оралда Жұбан Молдағалиевтің еңселі ескерткіші ашылды

26 Қыркүйек 2020, 14:43
2331
Бөлісу:
Оралда Жұбан Молдағалиевтің еңселі ескерткіші ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның батыс қақпасы - Орал шаһарында қаһарлы ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай еңселі ескерткіші бой көтерді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Жанарбек Әшімжан. 

Заманында бұл орында қазақты қан қақсатқан Чапаевтың тасмүсіні болған екен. Оны орнынан алудың қандай машақат болғанын сол кезеңдері елдің идеология саласында қызмет еткен азаматтар жырдан қызық қылып айтады.

Желтоқсанның өрті мен отарлық дәуірдің дертіне қасқайып қарсы шыққан даңқты Жұбан ақынның көне Теке қаласына өзінің ғасырлық тойында осылай оралуы - отарсыздануға басқан ірі қадамдардың бірі.

Оралға Жұбан ақынның жан жары 92 жастағы София апамыз ұрпақтарымен арнайы келді, - деп жазды Жанарбек Әшімжан. 


Өзгелердің жаңалығы