Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі атыстан кейін түсірілген видео пайда болды.
Оны Instagram-дағы Shymkent online аккаунты жариялады.
Айта кетейік, 29 қазан күні Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған болатын.
Кадрларда атыс болған көше, одан кейін Шымкент қаласындағы Арғынбеков көшесінің бойындағы қайғылы оқиға болған кафенің іші көрінеді.
Артынша әлеуметтік желілерде күдіктілердің біреуінің фотосы пайда болды. Суреттегі ер адамның қолында автоматқа ұқсас зат бар.